Previous Page  19 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 28 Next Page
Page Background

q

q

19

Дін және Отан

сол жеткілікті» дегені Исламда бауырластықтың

қаншалықты шынайы болғандығына дәлел.

Мұсылмандардың бірлік-ынтымақты және өзара

ниеттес болуы ұлы Алланың нығметі екендігі сөзсіз.

Егер Алла тағала жүректерді арасына жылы сезім

салып жарастырмаса, жұмыр басты пенделер өз

бетінше адамзаттық деңгейде бірікпек түгіл, туыстық

қатынасты үзбей тұра алуының өзі неғайбыл. Олай

болса, адамдар арасындағы бірлік-ынтымақ көп дұға

етіп, Алладан жалынып, жалбарынып көп тілеумен

болатын іс. Алла тағалаға алақанымызды жайып,

жеке өзіміздің, отбасымыздың игілігін тілеумен бірге

халқымыздың және бүкіл жер бетіндегі мұсылман

жұртшылығының бірлігі мен ынтымағын сұрап

дұға жасау аса қажет. Бүгінгі таңда адамдардың

арасындағы тас түйін ауызбіршілікті әлсіретуге

лағынет атқыр, азғын шайтанның барынша күш са-

лып жатқаны анық. Адамдардың арасын бұзу – оның

ең сүйкімді ісі. Бірге туған ағайын-бауырлар, қоралас

жатқан көрші қолаң, бір ауылдың адамдары мен бір

қаланың тұрғындары осы отаншылдық сезімін дамы-

тар болса, онда еліміздің қарыштап дамитындығына

сенім мол. Бірақ, өкінішке орай, бұрын аталарымыз

көп айтатын «Ырыс қайда барасың, ынтымаққа бара-

мын» деген мәні терең мәтелді де аз еститін болдық.

Әрине, жиындар мен дастархандарда мәжілістің

сәнін келтіру үшін

«бірлігіміз арта берсін»

деген

тілек айтылып жататыны рас. Алайда ол көбіне

сол отырыстан әрі аспай, ғұмырсыз қалып қояды.

Бірлік болмаған соң, береке қайдан болсын?! Саусақ

бірікпесе, ине де ілікпейтінін көріп жүрміз.

Басқаның былай қойғанда, бір әке, бір анадан

тараған бауырлардың да алтыбақан алауыз болып,