Previous Page  20 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 28 Next Page
Page Background

q

q

20

Дін және Отан

бірлесіп іс атқара алмайжүргенін кейде көзімізшалып

қалады. Ал енді осындай тоғышарлық мінездердің

орнына адамдар біріне-бірі жылы шырай танытып,

мейірім көрсетіп, жетпегенін жеткізіп жіберуге

болысқаны әлдеқайда сауапты болар еді.

Байлық байлық емес, бірлік байлық екенін әркім

біледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

«Сен-

дерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп

шығудан өте қатты сақ болыңдар. Себебі, шай-

тан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын бо-

лады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады.

Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі

келсе, бірге болуға мән берсін»

, - деген болатын.

Тағы бір хадисінде мұсылмандарды бір бүтін де-

неге ұқсатқан. Дененің бір мүшесі қиналса, қалған

ағзалар да оның ауырпашылығын тартпаушы ма

еді? Тек ауырғанда ғана емес, күнделікті тіршіліктің

өзінде басымыз бастаған жаққа аяғымыз жүрмей не-

месе аяғымыз бен қолымыз екі жаққа тартып жатса,

нағыз үйлесімсіздік сонда болар еді. Дәл сол сияқты

мұсылмандар да қайда жүрсе де бір-бірімен сондай

ғажап үндестікпен, үйлесіммен өмір сүруі шарт. Алла

елшісінің жоғарыдағы хадисінен осыны аңғарамыз.

Бір тәндегі мүшелердей жарасқан отбасы, топ не-

месе қоғамға Алланың жәрдемі мен берекесі жауары

сөзсіз. Қазақ халқының

«бірлік түбі - береке»

дейтіні

содан.

Жалпы, мұсылмандардың бір болуын қамтамасыз

ететін мыңдаған себептер бар. Мәселен, дініміз ортақ,

Құранымыз, Пайғамбарымыз, мәзһабымыз, жеріміз,

көгіміз ортақ, салтымыз бен дәстүріміз, тарихымыз

бен мәдениетіміз де ортақ. Яғни Отанымыз да ортақ.

Осыларды дұрыс сезінсе алсақ, бөлінушілікке орын

қалмас еді. Енді еліміздің ертеңі үшін халқымызға,