q
q
16
Дін және Отан
де сол еді. Осы жолы одан да көп жылу берейінші де-
ген оймен бар малымды теңдей екіге бөліп жартысын
садақа ретінде апардым.
Мені көрген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) :
- Ей, Омар! Үй - ішіңе де бірдеңе қалдырдың ба? -
деп сұрады.
Мен:
- Уа, Расулаллаһ!, - дедім, - Үй-ішіме малымның
тең жартысын қалдырдым, - дедім өз ісіме масатта-
нып.
Дәл осы сәт қолындағы малын алдына салып
айдаған күйі Әбу Бәкір де келді.
Пайғамбарымыз одан да:
- Ей, Әбу Бәкір! Өз үй-ішіңе сен не қалдырдың? -
деп сұрады.
Әбу Бәкір болса:
- Уа, Расулаллаһ! - деді, - Үй-ішіме Аллаһ тағала
мен Пайғамбарына деген сүйіспеншілікті ғана
қалдырдым, - деді.
Дәл
осы
сәт
екеумізге
көз
тастаған
Пайғамбарымыз:
- Екеуіңнің араларыңдағы айырмашылық - дәл
жауаптарыңның айырмасындай, - деген еді.
Осыдан бастап Әбу Бәкірден озсам-ау деген
көкейді тескен ой-қиялдан біржолата арылдым
дейді.
Отанды сүйе білу іспен көрсетуді қажет етеді. От-
анды сүю– туған елге қызмет ету деген сөз. Туған елге
қызмет өте кең ұғым. Айталық, басшыларға бағыну.
Бұл да ел ішіндегі тыныштықты сақтау, бүлік тудыр-
мау үшін қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз сөзінде
«Қара нәсілді құл басшы болса да бағыныңыздар,
қарсы шықпаңыздар»
деп тапсырған. Өйткені,