q
q
18
Дін және Отан
бұйрығы. Құранда:
«Шындығында, мүминдер бір-
бірімен бауыр»
делінген («Хужурат» сүресі, 10-аят).
Екі мұсылман ренжіссе арасын татуластыру әрі бұның
үлкен сауап екендігі айтылған. Хадистерде:
«Сіздер
иманға келмейінше жұмаққа кіре алмайсыздар.
Бір-бірлеріңізді жақсы көрмейінше иманға келе
алмайсыздар. Сіздерге бір-біріңізді жақсы көруге
септігі тиетін нәрсе айтайын ба? Араларыңызда
сәлемдесуді жайыңыздар!», «Мұсылмандар бір-
бірін мықтап ұстап тұрған қабырға тәрізді»,
«Мүминдер бір-бірінжақсы көруде, жан ашуда, бір-
біріне мейірімділік танытуда бір мүшесі ауырғанда
басқа мүшелері қосыла сыздайтын дене тәрізді»,
«Уа, Алланың құлдары! Бауыр болыңыздар!
Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған әрқашан
қол ұшын береді. Өзінен төмен көрмейді. Тақуалық
деген осында. Адамға мұсылман бауырын қор сана-
уы күнә ретінде жеткілікті»
делінген. Сол себепті
Әнсар мен Мұһажир сахабалардың бауырластығы
тәрізді қиналғанда бір-біріне қол ұшын созып,
әрдайым көмекке әзір тұру, бір-бірін жақын тарту
бүгінгі мұсылмандарға ең бір жетпей жатқан қасиет
деуге болады.
Мәдинаға келген мұһажир Абдуррахман ибн
Ауф (р.а.) пен Әнсарлық Саад ибн Рәби екеуін
Пайғамбарымыз бауыр деп жариялағанда, Саад
Абдуррахманға:
«Бауырым,
Мәдиналылықтар
ішіндегі ең дәулеттісі менмін. Ендігі жерде
байлығымның тең жартысы өзіңдікі. Екі үйім бол-
са, біреуі сенікі. Бау-бақшам да сондай. Өзің таңда»
дейді. Сонда Абдуррахман ибн Ауфтың оған: «Алла
ниетіңді қабыл алып, байлығыңа берекесін берсін.
Сен маған базардың қайда екенін көрсетсең болды,