q
q
15
Дін және Отан
Артына тәрбиесі жақсы ұрпақ қалдырған адам.
Ғалым кісінің еңбектері. Ел игілігіне жарайтын
аурухана, көпір, кітапхана, мешіт салдырған
адам»
деп, ел игілігіне жұмыс істеудің екі дүниеде
де сауабы үзілмейтінін сүйіншілеген. Осы себепті
сауап ниетімен қоғамның түзелуіне жұмыс істеу,
жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыру әрбір
мұсылманның міндеті (Әмр бил мағруф уә нәһи анил
мүнкар). Мұсылман үмбетін басқалардан артық ет-
кен осы қасиет екендігі Құранда былай келтірілген:
«Сендер жақсылыққа шақырып, жамандықтан
сақтандыру арқылы игі үмбет болдыңдар»
(«Әли
Имран» сүресі, 110-аят). Демек, қоғамның игілігіне
жұмыс істеу, қоғамды ізгілендіруге талпыныс әрбір
мұсылманның міндеті болғаны. Халыққа деген ең
үлкен жақсылық та осы.
Ислам діні әр нәрсенің бір зекеті бар екенін ескерту
арқылы әркімге өз мүмкіндігі жеткенінше қоғамдық
істерге атсалысу керектігін ұқтырған. Білімділер
білімін басқаларға үйрету арқылы білімінің зекетін
берсе, дәулеттілер түрлі қайырымдылық шараларға
ұйытқы болумен, қайыр садақа, зекеттерін беру
арқылы халықтың әл ауқатының артуына жағдай
жасауға міндеттелген.
Ал сахабалар игі істе бір-бірімен жарысатын еді.
Бірде Омар (р.а.) басынан өткен оқиғаны былай
әңгімелейді:
Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге әскерлерді
қамтамасыз ету үшін өзара жылу жинауды бұйырды.
Менің ең дәулетті кезім. Ылғи менен озып кете
беретін Әбу Бәкірдің (р.а.) осы жолы алдын орап,
шаң қаптырмасам ба деген тұтқиылдан бір ой келді.
Өйткені ол қашан болсын жақсылық жасауда алдына
жан салмайтын. Арамыздағы ең көп садақа беретін