Previous Page  21 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 28 Next Page
Page Background

q

q

21

Дін және Отан

отанымызға, мемлекетімізге, тер төгіп қызмет ету-

де де ой-түсінігіміз, сеніміміз, сезіміміз, бет алған

бағыт-бағдарымыз да ортақ болып жатса нұр үстіне

нұр болмақ. Меккедегі мүбәрак Қағбабымыз да

бізді біріктіруге жетерлік себептер. Қала берді

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуелсіздігін

жариялағаннан бері қай жерде, қай жиында болса да

береке-бірліктің мәнін ұғындырып келеді. Өйткені

бізге еліміздегі көптеген ұлт өкілдері дүрдараз бол-

май, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті

ғұмыр кешкені қажет. Елбасымыздың аңсаған ар-

маны да осы. Татулық, бірлік, береке, ынтымақсыз

ештеңе де өнбесі, еткен еңбек жемісін бермесі

хақ. Ал ауызбіршілігі жарасқан елді ешқандай

қиындық қыспағына ала алмайды. Сондықтан

бірлік пен достық әрдайым керек. Ынтымағы жоқ

халықтың қандай күйге ұшырап жатқанын да көріп

жүрміз. Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем болады.

Бұрынғы қариялардың

«Е, Құдай қара су берсең де,

тыныштығымен бер»

деп отыратыны осыдан болса

керек.

Туған елді сүю сол елдің ата-бабасынан келе

жатқан дінін де құрметтеуден білінеді. Құранда:

«Сендер Алланың дініне көмектесіңдер Алла

да сендерге көмектеседі»

делінген («Мухаммед»

сүресі, 7-аят). Олай болса, елімізде Исламның

өркендеуі дін мамандарының ғана емес, әрбір

көзі ашық мұсылманның міндеті екенін ұғынатын

кез жетті. Бүгінгі күні дінге қол ұшын беріп,

республикамыздың түкпір-түкпірінде мешіт, медре-

се салып беріп жатқан ағайындардың молайып келе

жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Ендігі жерде

діни ағарту істеріне де қол ұшын беру кезекте тұрған

мәселе екенін ескерген жөн. Бірақ бұның барлығы

да бір ғана Алланың разылығын көздеп, туған елге