q
q
24
Дін және Отан
арттырып, іс-әрекетімен үлгі болуы тиіс. Отанға деген
сүйіспеншілік, құрмет осындай кең ұғымдыбілдіреді.
Сол себепті әркім қолынан келетін жақсылығын
жасауға тырысуы қажет. Хадисте:
«Ертең қиямет
болатынын білсең де, бүгін ағаш ек»
дейді.
Міне, бұны туған жерге деген жақсылық жасауға
асығу деп те түсінуге болады. Мәшһүр Жүсіп баба-
мыз да
«Адам сол адамдығын жұрты көрсе»
деген.
Сондай-ақ ел үшін еңбек ету жөнінде мына бер
оқиғаны айта кеткен жөн.
Ертеде бір патша нөкерлерімен аңға бара жатып,
бір ақсақалдың ағаш егіп жатқанын көреді. Патша
ақсақалға жақындап келіп сұрайды:
–Неге сонша қиналыпжатырсыз? Бұл ағашбірнеше
жылдан кейін жемісін береді. Оған сіздің ғұмырыңыз
жетпейді ғой,- дегенде ақсақал:
– Тақсыр, мен өмірімніңжетпейтінін білемін. Бірақ,
мен аталарымның еккен ағаштарының жемісін жеген
едім. Ертеңгі ұрпақ та менің еккен ағаштарымның
жемісін жесін, - деп жауап беріпті. Патша қарияның
айтқан жауабына аса риза болып, бір қалта алтын
береді.
Сонда ақсақал: - Көрдіңіз бе? Менің еккен ағашым
казірден жемісін бере бастады, - депті. Патша бұл
сөзге де риза болып, тағы да алтын береді.
– Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің
еккен ағашым жылына екі рет жеміс береді, - деген
екен ақсақал.
Туған елге деген құрмет үлкенді сыйлау, кішіге
ізет білдіру, сондай-ақ мәдениеттілікке бет бұрумен
де қалыптасады. Хадисте:
«Үлкенге құрмет, кішіге
ізет көрсетпеген бізден емес»
делінген. Демек,
ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты анала-
рымызды, жасы үлкен аға, әпкелерді құрмет тұту,
қарындасты қарындас, ініні іні деп сыйлай білудің
де елді құрметтеуге жататын ұққан жөн. Осы орай-