Previous Page  22 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 28 Next Page
Page Background

q

q

22

Дін және Отан

деген сүйіспеншілікпен атқарылуы тиіс. Ислам та-

рихына қарасаңыз, мұсылман елдерінде мешіт, ме-

дресе, кітапхана, көпір, монша, керуенсарай секілді

халық игілігіне жарайтын істердің көбінесе жеке

тұлғалардың қайырымдылығымен атқарылғанын

көреміз.

Отанға деген сүйіспеншілік – халық игілігіндегі

мүлікті көздің қарашығындай көру, талан-таражға

салмау, кісі ақысына көңіл бөлу, ел мүддесіне жұмыла

жұмыс істей білуді де қажет етеді.

Халифа Омар ибн Абдил Азиз (р.а.) бірде сырт-

тан бір кісі келгенде, дереу барып алдында тұрған

май шамды ауыстырған екен. Әлгі кісі оның мәнін

сұрағанда,

«Мен бағана мемлекет ісін қарап отыр

едім, енді жеке ісімді қарайтын болғаннан кейін

өз май шамымды жақтым»

деп жауап бергені та-

рихтан мәлім. Бұл хазіреті Омардың ел басқарып

тұрған халифа кезінде мемлекет меншігіндегі затқа

қаншалықты

жауапкершілікпен

қарағандығын

көрсетеді. Сахабаларымыздың қай қайсысы да

адалдығын осылай дәлелдей білген. Өйткені олар

ақыретте осы дүниеде істеген істерінің бәрі үшін

сұрақ барына нық сенген. Ол сұрақтың оңай болмасын

да тереңнен сезінген. Сондықтан да Алланың алдына

ешкімнің ақысын жеместен маңдайлары жарқырап

баруды қалаған. Бұл бүгінгі біздер үшін де ой салуы

тиіс. Сол себепті қандай да бір ел мемлекет мүлкіне

зор жауапкершілікпен қарайтын, мемлекет мүддесін

өз мүддесінен жоғары қоя білетін, арды ақшадан биік

қоятын ерлер көбейгенде ғана гүлденетіні белгілі.

Бұл біз үшін қазіргі таңда ауадай қажет қасиет болып

отырғаны баршаға аян.

Туған жердің көркейгенін қалаған әрбір аза-

мат өз ісін жақсы меңгеруге талпынуы керек.