Previous Page  26 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 28 Next Page
Page Background

q

q

26

Дін және Отан

... Егер Отан сыңсыған орман болса,

Жапырақ боп жармасқын терегіне.

Самалы бол Отанның салқындаған,

Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.

Семсері бол, Отанның қынабында

Сертке ұстаса селт етпей жалтылдаған.

Шетсіз, шексіз, қиырсыз, ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй Отанды! Шыныңмен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына, қырына да.

«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,

Ақ басты алып анаммен шырайласам.

Қалай оны сүйем деп айта аламын,

Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!

...Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген

Іс тынбайды «жанамын, күйемменен...»

Өгей әке емес қой Отан деген,

Отанды мен Атамдай иемденем!

Иә, туған ел, туған жер үшін жасалатын

жақсылықтардың барлығы ізгі ниеттен, иманнан туа-

тыны даусыз. Сол себепті

«Отанды сүю иманнан»

деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек.

Қазір жаһандану үрдісі жан-жақтан шабуылдауда.

Экономика, мәдениет, тіл, дін мәселесінде де оның

әсері жоқ емес. Жаһанданудың әсері әсіресе мәдениет

пен дін саласында ерекше білінуде. Теледидарлардың

көрсететіні АҚШ пен Батыс жұртының атыс, ша-

быс, кісі өлтіру мен тонау, азғындық, жезөкшелік,

эротикалық өнімдері. Бұрын-соңды мұндайды