Previous Page  23 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 23 / 28 Next Page
Page Background

q

q

23

Дін және Отан

Кәсібилігін арттырып, өз мамандығының шыңына

шығуы тиіс. Құранда бұл туралы:

«Еңбек етіңдер!

Себебі, істеріңді Алла тағала, елшісі және жалпы

мұсылмандар көреді»

делінген («Тәуба» сүресі,

105-аят). Демек, мұсылман адам өз жауапкершілігіне

алған жұмысына немқұрайлы қарамауы керек.

Немқұрайды қарау басқа адамдардың да жұмысына

кері әсерін тигізетінін ескерген жөн. Осы орай-

да, Америка президенті Линкольннің балаларына

«Кейін өскенде аула сыпырушы болсаңдар да, ісіне

ұқыпты, ең жауапты жұмыскер сендер болуларың

керек»

деп кеңес беретін болғаны өте мәнді. Елдің

әрбір азаматы осындай ниетпен, өзіне берілген істі

ең сапалы деңгейде атқарғанда ғана туған елдің

көркеюіне үлес қоспақ. Әйтпесе, үнемі басқаларды

сынау, аяқтан шалудан аса алмаудың кері тартқаннан

басқа елге берері шамалы.

Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)хадисінде:

«Еңжақсыадам

басқаға пайдасы тиген адам»

дейді. Осы себепті

туған елімді сүйем деген әрбір азамат ол айтқанын

туған елге жасаған жақсылығымен дәлелдеуі ке-

рек. Саясаткерлер халық игілігін көздейтін мықты

саясат жүргізуі керек. Балабақшаларда тәрбиешілер

балаларға жақсы тәрбие, имандылықты үйретуі

тиіс. Мектептерде ұстаздар сапалы білім беруге

талпынып, дәрігерлер науқастарға қолдан келген-

ше жәрдем бергені жөн. Тәртіп сақшылары халыққа

сенімділік ұялата білуі ләзім. Дипломаттар шет ел-

дерде өз елін жақсы жақтарынан таныта білуі қажет.

Өнерпаздар мен ақындар елдің, халықтың мұңын

мұңдап, жырын жырлауы, халыққа имандылық пен

ізгілікті дәріптеуі, отанға деген сүйіспеншілікті

насихаттаған абзал. Имамдар халыққа Ислам дінінің

құндылықтарын кеңірек жайып, елдің ауызбіршілігін