Previous Page  17 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 28 Next Page
Page Background

q

q

17

Дін және Отан

Құранда:

«Бүлік шығару кісі өлтіруден де ауыр

күнә»

делінген («Бақара» сүресі, 191- аят).

Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату

әрбір мұсылманның міндеті. Құран мен Хадис

біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен

ынтымағы үшін кейбір істен бас тарту иманның

кемелдігінен.

Ислам дінінің басты ерекшелігінің бірі қоғамды

басқарушы әміршіге әрбір мұсылманның бағынуын,

тыңдауын талап етуі:

«Ей, иман келтіргендер!

Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы

әмір иелеріне бойұсыныңдар»

(«Ниса» сүресі,

59-аят). Ендеше, елдегі, діндегі тыныштықты

сақтау әрбірімізге міндет. Сол себепті басшыларға,

мешіттерде имамдарға бағыну да тып-тыныш жатқан

елді ала тайдай бүлдірмеу үшін аса қажет. Қандай да

бір діни мәселеде талас туған жағдайда «бас-басына

би болу емес» жүгінетін орын Діни басқарма не-

месе Діни басқарманың жергілікті жердегі өкілетті

имамы болуы тиіс. Бұл еліміздегі мұсылмандардың

ұйымшылдығы, ауызбіршілігі үшін қажет. Сондай-

ақ Ислам діні қоғамдағы өзге дін өкілдерімен

сыпайлықпен қарым-қатынас жасауымызды да

бұйырады. Құранда:

«Кітап иелерімен ең көркем

түрде, сыпайылық пен әдептілік сақтап пікір

таласыңдар»

(«Әнкабут» сүресі, 46-аят). Бұның ең

үлкен айнымас үлгісін пайғамбарымыз Мұхаммед

(с.ғ.с.) өз кезегінде тамаша етіп жүзеге асырды. Олай

болса, отанымызды шынайы сүйетін болсақ, ондағы

тыныштықты бұзбауға және оған жол бермеуге ты-

рысып бағуымыз қажет.

Бір елдің нанын жеп, бір жердің суын ішіп

отырғандықтан мұсылман мұсылманға қаталдық та-

нытпай, бауырмалдығынкөрсетуі тиіс. Бұл Исламның