Previous Page  12 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 28 Next Page
Page Background

q

q

12

Дін және Отан

ынтымақ құруына себеп болады. Мемлекет ол бірлікті

заң жүйесімен бекітеді.

Отанды сүю – адамның жаратылысында бар

табиғи сезім. Ішкі руханияты бай кісі мұны Алланың

нығметі деп біліп, оған шүкіршілік жасайды. Ал

кеудесі қараңғы, жүрегі жұтаң жандар Отанды сүюдің

ақысын толық өтей алмасы хақ. Халқымызда

«Отан

отбасынан басталады»

деген де мәнді сөз бар. От-

анды сүюге, туған елге деген құрмет сезімі жанұядан

бастау алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Барлығың

жауаптысыңдар. Елбасы елінежауапты. Отағасы

жанұясына жауапты. Әйел жанұядағы дүниеге

жауапты. Малшы малына жауапты. Әркім өз

қарамағындағылардан жауапқа тартылады»

де-

ген. Олай болса, балаға жастайынан жақсы тәрбие

берумен туған елге құрметтеуді жанын қорғағандай

дінін, отанын қорғау секілді құндылықтардыүйретуге

де, отағасы жауапты болғаны. Бұл жөнінде Жүсіп

Баласағұн бабамыз

«Бала нені көрсе жастан ұядан,

өле-өлгенше соны таныр қиядан»

деген. Туған елге

деген құрметті, патриоттық рухты өз ата-анасынан

көре алмаған бала болашақта өзіне бала кезден таныс

емес сезімді жатсынады.

Бұл тұрғыдан алғанда ғалым имам ағзам Әбу

Ханифаның әкесі Сәбит жөніндегі әңгімені айтуды

жөн көріп отырмын:

Сәбиттің жігіт кезі еді. Бірде ол арықта ағып келе

жатқан қып-қызыл алманы көреді. Іле қолына алып

қызықтап тұрып, шыдамай бір тістейді. Артынша:

«Бұл ісім дұрыс болды ма өзі? Мүмкін бұл алманың

иесі бар шығар? Байқамай біреудің ақысын жеп

қоймадым ба? - деп күдіктеніп, өзен бойымен жоғары

қарай өрлеп, алманың иесін іздеуге шығады.