q
q
9
Дін және Отан
де тегіннен тегін емес. БұлПайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
туған жерге деген, туған жерінің әрбір өзен, көл, тау,
тасына деген зор сүйіспеншілігін байқатады.
Бірхадисте:
«Екі көз ақыреттетозаққакүймейді:
біріншісі күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп
жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара
күзеткенкөз»делінген. Демек, «өлсекшейіт, қалсақ
ғазимыз»
деген асқақ мұратпен «А, Құдайлап» жауға
шапқан жүрегі түкті батыр-баһадүрлеріміз ақ білектің
күші, ақ найзаның ұшымен дұшпан жолатпаған кең
байтақ жерге бабалар аманаты деп қарай білген жөн.
Өйткені құс ұясын, ал адам отанын қорғайды.
«Біз,
қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай
жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын
деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға
үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз...»
деген Қазыбек
би бабамыздың отты сөзі жерімізге көз алартқан
дұшпанды тәубесіне түсіре білген батырлар ұрпағы
болғандығымызға дәлел.
Халық даналығы
«Отан үшін отқатүс, күймейсің»
дейді. Бұл не деген сөз? Мәнін ойлап көрдік пе?
Бұл Отанды қорғау жолында бәріне бара білуді,
ештеңеден тайсалмауды білдіреді. Адамға алуан
түрлі қасиет, дарын туған ортадан дариды. Сондай-
ақ туған жер ата-бабаларымыздың сүйегі жатқан жер
болғандықтан ұрпаққа перзенттік парыз жүктейді.
Отанын сүю үшін адам өз ана тілін, тарихы мен
мәдениетін жақсы білуі тиіс. Өз тілінің, ұлттық
мәдениетін қадірін білмеген адам бірте-бірте өзге де
құндылықтарынан ажырайтыны анық. Тіл – адамның
ішкі жан дүниесінің, рухани әлемінің көрінісі. Әр
халықтың ойлау жүйесі тілінен көрінеді. Олай болса
тілді таза сақтау халықты, ұлтты сақтаудың бір жолы.