q
q
5
Дін және Отан
Отанымыз тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан біреу-ақ.
Екі Қазақстан жоқ. Отанды ешкім сатып та ала ал-
майды. Сол себептен де еліміз, жұртымыз біз үшін
өте қымбат. Сондықтан қашан да Жаратқан иемізден
ары тарт та бері тарт, яғни, фитнаға, алауыздыққа
жол бермей, отанның амандығын, халқымыздың
ынтымағы мен бірлігін тілейміз. Ал ынтымақты,
иманды елді жау ала алмайтыны белгілі.
Данышпан, дана, ойшыл әз Төле би:
Бұл қазақтың баласы,
Тегінде нені көрмеген.
Неше бір жайсаң данасы,
Шешен де болған сөзбенен.
Көсем де болған ойменен,
Бірақ соның бәрі де.
Ыдырап жатқан қазақтың,
Қоса алмады бастарын.
Мен боламын дегендер,
Ақтамады сенімді.
Көкірек қаққан хандарың,
Лауазымға таласып.
Быт-шыт қылды елімді,
Береке бітім келместен.
Аз дұшпаннан жеңіліп,
Қайыстырды белімді.
- деп, аһ ұрып өтті дүниеден. Одан кейінгі Абылай-
лар да, басқалар да қазақтың басын қоса алмай зар-
лап кетті. Қазақ алауыздықтан езілген, жаншылған,
тапталған, көрмегені жоқ халық. Талай рет тарих сах-
насынан жойылып та кете жаздады. Міне осындай
қасіреттен жұрттың басын қосып құтқарған, ел етуді,
мемлекет болып, өзгелермен терезесі тең тұруды іске
асыруды Алла Тағала Нұрсұлтан Назарбаевқа нәсіп
етіпті. Нұрекең елім, жерім, отаным, тілім, дінім деп