Previous Page  6 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 28 Next Page
Page Background

q

q

6

Дін және Отан

ел үшін бар күш-қуатын сарқа жұмсап, ыстығына

күйіп, суығына тоңып жүрген азамат. Ән де салады.

Күй де тартады. Домбырада да ойнайды. Ана тілінде

майын тамызып сөйлей де алады.

Қазақ, Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлының ба-

стауымен ЕҚЫҰ секілді үлкен ұйымға төраға

болу мәртебесіне ие болды. Әлем қазақты

Қазақстанды мойындап отыр. Қазақстан жаһандық

қауымдастықтан ойып орын алды. Қашан болып еді

бұл? Түске де кірмейтін жәйт емес пе еді! Нұрекең

жыл сайынғы жолдауларында отанымды, елімді

алдыңғы қатарлы әлемнің 50 елінің қатарына қоссам

деген ұлы мақсатты мүдде етуді ұмытқан емес.

Соның ішінде ең маңыздысы тәуелсіз Қазақстан,

Отан, Халық мәселесі. Бәрі де отан, ел үшін, елдің

көсегесін көгерту, елді биікке көтеріп, мәртебесін

асыру, асқақтату. Ал осындай ұлы мақсаттарға

жету үшін бізге ең алдымен ынтымақ пен бірлік, бір

жағадан бас бір жеңнен қол шығара білу керек.

Имандылыққа бет бұрған ізгі ниетті мұсылман

үшін киелі ұғымдардың бірі – елге, жерге, отанға де-

ген сүйіспеншілік. Олай болса, Отанды құрметтеу де

мұсылман баласы үшін қастерлі парыз саналады.

Отан деп отбасы мен ошақ қасын, ауасын жұтып,

суын ішіп жүрген, байлығы мол кең-байтақ жерді,

қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әжелеріміз тай

құлындай бірге өскен құрбы-құрдастарымыз бар ау-

ылды, қадірлі ата-ана, жарымыз бен баламыз жүрген

елді айтамыз. Ал бір тілде сөйлейтін, діні бір, тарихы

мен мәдениеті бір қауымды ұлт деп атаймыз. Адам

өз ұлтын таңдай алмайды. Алла оның белгілі ұлттың

өкілі етіп жаратады. Бұл жайлы Құран кәрімде былай

делінген:

«Әй, адам баласы! Күдіксіз, сендерді бір

ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-