Previous Page  4 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 28 Next Page
Page Background

q

q

4

Дін және Отан

Жер беті жұртшылығы бүгінде Ислам әлемін түрлі

ұлттардан, этностардан, сан алуан мәдениеттерден

құралған, географиялық орналасуы әр қилы үлкен

бір қоғам деп қабылдайды.

Құран тәлімі адамдарды кез келген жұмыр басты

пендеге, жақын туыстармен достарға, жолаушыларға,

танысқа және бейтанысқа бірдей әділет көзімен

қарауға, оларға жақсылық жасауға үйретеді. Тағы

бір айта кетерлігі Исламдағы адам ақысы мәселесін

мұқият зерделеп қарасақ, онда мұсылман адамның

бәрінен бұрын өз жақын туыстары мен көршілерінің

алдында міндеттерінің көп екендігін байқаймыз. Де-

мек мұсылманның өз туыстарының, жақындарының,

халқымен туғанжерінің алдындағы борышын сезінуі,

терең түйсінуі Исламдағы отаншылдықтың негізі бо-

лып саналады.

Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік

пен кішіпейілділік секілді кісіге қажет қасиеттерге

үгіттейтін ұлы дін болса, отан сол қасиеттерді жүзеге

асыратын, пенделерді өркениетке бастайтын ұлы

ұғым. Олардың мүдделері ел игілігі, сол үшін де

олар әрқашан бірге болуы, бірге қол ұстаса, иықтаса

қызмет етулері тиіс. Дін және діндарлар үшін де от-

аннан артық, отаннан қымбат ештеңе жоқ. Аталары-

мыз ұзақ ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ әрең

жеткен, талайлар аңсап өткен тәуелсіздік, егемендік

үшін жанын қиған азаттықты көздің қарашығындай

сақтау жүректе жатталуы тиіс ұғымдар.

Кім-кімнің де жапырақ жаяр жері Отан. Отансыз

бақыт жоқ. Сол себепті, әрбір адам туған жерін, от-

анын қастерлеуі керек.

«Отанды сүю иманнан»

де-

ген мағынасы терең қанатты сөз бар. Өйткені иманды

адам өз Отанын сыйлап, қастерлей алады. Имансыз

адам отанның қадір-қасиетін білмейді.