q
q
11
Дін және Отан
Халифалар дәуірінде де мұсылмандарды паналаған
өзге дін өкілдеріне ешқандай қысым жасалмаған,
қайта олардың хұқы әркез қорғалып отырған.
Осының әсерімен мұсылмандардың әділеттігі мен
діни төзімділігі ерекше бағаланып, (йаһудилердің
Абдуллаһ ибн Сәләм атты ғалымы секілді) өзге дін
өкілдерінің көптеп Исламды қабылдағаны белгілі.
Отанды сүю өз халқын, өмір сүріп жатқан жерін,
бұлармен сабақтасыпжатқан барлық құндылықтарды
сүю деген сөз. Ия, мұсылманға туған жерін таңдау
еркі берілмеген, алайда ол өз туған жері үшін жау-
апты. Ол өз тағдырын туған жері мен отанымен
біте қайнастыра сезініп, олардың өркендеуіне,
рухани гүлденуіне жауапкер санауы тиіс. Отан-
ды құрметтеудің иман шарттарымен астасып кет-
кен тұстары да бар. Отанымызда Алланың сансыз
нығметі мен мол қазынасы тұнып тұр. Демек белгілі
бір туған жердің нәсіп етілуінің өзі Алланың құлына
деген махаббатынан. Сондықтан Отанды Алланың
сол жақсылықтары үшін сүю де шүкіршілікті артты-
рып, иманды күшейтері сөзсіз.
Иә, Отан ұғымын адамның тек туып өскен
жерімен байланыстырып шектеуге болмайды.
Отанның қадірін дұрыс ұғыну үшін оның тарихы-
мен, салт-дәстүрімен, тұрмыс-тіршілік, адамдық
құндылықтарымен, көлімен, шөлімен, тауымен, ба-
уымен іштей біте қайнасу керек. Әр халық өзінше
еңбек етеді, демалысы да түрліше болады. Ұлттардың
шаттануы мен қайғыруы да айна қатесіз бірдей емес.
Үй салып, қора-қопсы тұрғызу да әр жұртта әр қалай.
Тіпті әр ел тұрғындарының пайымдау, ойлау кате-
гориялары да әркелкі болатынын байқап жүрміз.
Ал тұрмыс-тіршілігі мен климаттық ортасы сәйкес
келіп, өзара ұқсауы халықтардың өзара жақындасып,