Previous Page  10 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 28 Next Page
Page Background

q

q

10

Дін және Отан

Белгілі бір ұлттың өз тілін сақтауына, құрметтеуіне

дінімізде тыйым жоқ. Алайда әрбір ұлт өзгелердің

тілін де өз тіліндей сыйлауы тиіс. Тағы бір мәселе,

тіл адамның ойын қалыптастырса, тарих адамның есі

мен жадын қалыптастырады. Тарих – даналық пен

күш-қуаттың мол қазынасы. Ұлы жеңістер мен ащы

жеңілістер жайлы жәдігерлер, ата-бабаның ерлік

дастандары тарихта сақталады. Сондықтан Ислам

діні тарихты жақсы біліп, одан тиісті сабақ алуға да

шақырады.

Сондай-ақ Исламда бес нәрсені: Отаныңды,

дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай

қорғау міндеттеледі. Осы құндылықтарды қорғау

жолында қайтыс болғандар шейіт саналады. Ал

шейіттердің ақыретте есепсіз Жәннатқа барары

мәлім. Құранда бұл жөнінде:

«Шейіттерді өлдіге

санамаңдар. Олар тірі, Алла біледі, сендер

білмейсіңдер»

делінген («Бақара» сүресі, 154-аят).

Сондықтан Отанды қорғау жолында, ұлтымыздың

жарқын болашағы үшін басын бәйгеге тіккендерді

шейіттер қатарына қосып, Жаратушы Иемізден

Жәннаттан жай бұйыртуын тілейміз. Осы ретте,

бейкүнә жандарды бомбамен жарып шаһид атанғысы

келгендер ше? Олар жәннатқа кіре ме? Жоқ. Қасиетті

Құранда:

«Жазықсыз бір адамды өлтіру бүкіл

адамзатты өлтірумен тең»

(«Маида» сүресі, 32-

аят) делінген. Сондықтан мұсылмандар дәйім бейбіт

өмірді, тату-тәтті тірлікті жақтайды. Исламның

қалыптасуының алғашқы жылдарында мұсылман

жұрты көршілес еврей, христиан халықтармен жақсы

мәміледе, өзара ымыраластықта өмір сүрді. Алғашқы

ата заң яки адам құқықтарының декларациясы іспетті

«Мәдина келісімінің»

2, 25-бабтары йаһудилерге дін

еркіндігін тану мәселесін қамтыған.