Previous Page  25 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 28 Next Page
Page Background

q

q

25

Дін және Отан

да бүгінгі күні жастарды ұяттылық пен ибалылыққа

тәрбиелеу турасындағы насихатты күшейтудің басты

орында тұрғанын ұмытпаған жөн.

Отанға жанашырлық елдің үнемі тілеуін тілеуді,

жүрген ортаны таза ұстауды да қажет етеді. Ата-

бабаларымыз үнемі баталарында елдің, жердің,

халықтың амандығын тілегені осының айғағы.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде

«Алла

лағынеттеген екі нәрседен сақ болыңыздар. Адам

жүретін жолдар мен көлеңкелейтін орындар-

ды ластау»

деу арқылы адамдар жүретін жерлерді,

қоғамдық орындарды, қоршаған ортаны таза ұстауға

шақырған.

Отанды, елді құрметтегенде, атақ алу, абыройға

кенелу үшін емес, ұрпағым, елім болашақта жетім

болмасын, Отансыздықтың азабын тартпасын деп

сақтау керек. Жер бетінде Отансыз ұлттар қаншама?!

Оларды жер-жерде дәл біздің еліміздегідей бауыры-

на басып, жақсылық жасап отыр деп тағы айта алмай-

мыз. Жергілікті ұлттың ызғарына тоңып, қаһарына

ұшырап отырғандары қаншама?! Біздің де ұрпағымыз

біреудің қас-қабағына қарап жәутеңдемесін, біреудің

қолына қарап дәметпесін десек, атадан қалған асыл

мұраны сақтап, ақылды ұрпақ тәрбиелеу – мүлт кет-

пес парызымыз болу керек.

Осы орайда

«Халықты сүйем деп байбалам сал-

май, оған тек жан жүрегімен ғашық бола білу керек»

деген Мұқағали ақынның мына бір жыр шумақтары

ойға оралады:

Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген,

Не тындырдың «басымды иемменен»?

Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой

Отан үшін күйемін, өлем деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?

Өлмей-ақ қой, өлімнің керегі не?