Previous Page  27 / 28 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 28 Next Page
Page Background

q

q

27

Дін және Отан

көрмеген, білмеген жұрт, оңай алданып, теріс әсерге

түсуде.

Дін жағынан да рухани экспансияға ұшырап отыр-

мыз. Рухани террор бұрын-соңды болмаған дәрежеде

әрекет етуде. Әсіресе христиан дінінің протестанттық

тармағын АҚШ миссионерлері үсті-үсті тықпалауда.

Жолына тұрғандарға діни толеранттық жоқ, демо-

кратия бұзылуда деп байбалам салады.

Сөйтіп елімізде түрлі теріс ағымдар мен тарихи

дәстүрлі дініміз арасында рухани тартыс жүріп жа-

тыр. Жеңіс кімнің жағалауында желбірейді? Осы

мәселе толғандырып отыр. Елімізді, халқымыздың

әдет-ғұрып, салт-санасы, тілі мен ділі, дінін қалай

сақтап каламыз? Отанын, елін, жерін, халқын, тілін,

дінін сүйетін ұлтжанды және дінжанды әрбір азамат-

ты осы мәселе ойландыруда. Бұл бәріміздің біріге,

қолтықтаса, ынтымақтаса атқаратын мәселелер.