Previous Page  150 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

жерді өз әмірімен тұрғызуы да оның (күштілік) белгілерінің

бірі. Мұнан соң сендерді жер астынан шақырған сәтте-ақ

барлығың дереу (көрден)шығасыңдар. 26. Көкпенжердегінің

күллісі Аллаһтікі, бәрі түгелдей оған бойсұнушылар. 27. Жа-

ратылысты жоқтан бар еткен де, оны (өлтіріп) қайта тіріл-

тетін де Аллаһ. Бұл оған оңай. Көк пен жердегі сипаттың ең

асқағы Аллаһқа тән. Ол – жеңімпаз, хикмет иесі. 28. Аллаһ

сендердің өз бастарыңнан мысал келтіреді. Қолдарыңдағы

құлдарыңның сендерге біз берген несібе-ризықтарыңа

теңдей ортақ болуына, олардан өздерінен (азат адамдардан)

қорқатындай қорқуларыңа разымысыңдар? Түсінетін қауым

үшін аяттарымызды осылайша егжей-тегжейлі баяндаймыз.

29. Керісінше залымдар білімсіздік істеп, нәпсінің тұлқыны

болды. Аллаһ адастырған адамды кім оңғара алсын? Оларға

ешбір медеткер табылмайды. 30. (Ей, Мұхаммед!) Бетіңді

ауытқымай хақ дінге бұр! Аллаһ адам баласын сол дін үстіне

жаратқан. Аллаһтың жаратқанында өзгеріс болмайды. Бұл -

тура дін. Бірақ, адамдардың бірсыпырасы мұны білмейді.

Адамзат сөзі, ақыл мен сезім арасындағы тепе-теңдікті

құруы мүмкін емес. Өйткені‚ адамдардағы түсінетін күш

пен сезетін күш нақ тепе-теңдік халінде болмайды. Болса да

бір сәтте теңдікте болмайды кей уақыттарда болуы мүмкін.

Бірақ, әр сөйлемде бұл теңдіктің болуы кездеспеген жағдай.

Құранда болса‚ бұл теңдік бар. Өйткені‚ Құран – бір ісі басқа

істеріне кедергі болмаған және рух пен денені бірлестіріп

жаратқан Заттың Кәламы.

152