Previous Page  148 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Бір нәрсенің харам екендігі‚ мұбах екендігі тұрғысында,

бұдан басқа қызықтыру немесе сақтандыру мәселелерінде де

бұған ұқсас баяндау байлығының көптеген мысалдары бар.

22

9) АҚЫЛ МЕН СЕЗІМГЕ ТЕПЕ-ТЕҢДЕҢДІКПЕН ҮНДЕУІ

Құран тәсілі әрі ақылға, әрі сезімге бір сәтте үндейді және

екеуін де қанағаттандырады. Мысалы: Нәбә сүресінде, Қаф

сүресіндегі қайта тірілу мен махшар күні; Қасас 68-75 немесе

Рум, 20-30 бөлімдерінде Аллаһтың барлығын және бірлігін

Құранның қалай дәлелдегендігін сансыз мысалдар арқылы

оқи аласыздар. Бұл жерде тек хашр (қайта тірілу күні) күніне

қатысты Нәбә сүресі мен Рум сүресінің кейбір бөлімінің ау-

дармасын береміз.

Рахман және Рахим болған Аллаһтың атымен:

1. Олар (мүшриктер) нені сұрасады? 2-3. Олар өздері да-

уласып жүрген ұлғаусар хабарды (қияметті) сұрасады. 4.

Ондай емес (олар ойлағандай емес). Олар әлі-ақ білетін бо-

лады. 5. Әсте ондай емес. Олар әлі-ақ білетін болады. 6-7.

Жерді бесік, тауларды қазық етпедік пе? 8. Сендерді (ер-

әйел) жұп қылып жараттық. 9. Ұйқыларыңды демалыс

еттік. 10. Түнді жамылғы еттік. 11. Күндізді тіршілікке

арнадық. 12. Үстілеріңе жеті қат мықты аспанды жасадық.

13. Жап-жарық бір шырақты (күнді) жараттық. 14-16. Дәнді

дақылды өсімдіктерді, орманы ну бақшаларды өсіру үшін

қою бұлттардан нөсер жаудырдық. 17. (Ақ пен қара айыры-

латын) үкім күні расында қарарлы мезгіл. 18. Ол күні сүр

үрленеді. Сендер топ-топ болып келесіңдер. 19. Аспан сетінеп,

көп есіктер ашылады. 20. Таулар ығыстырылып, сағымға

айналады. 21. Тозақ күтіп тұрады. 22. (Ол) Азғындардың

барар тұрағы. 23. Олар онда сансыз ғасырлар бойы тұрады.

24. Олардың онда не бір салқындыққа, не бір сусындыққа

22

Зәрқани, Мәнәхил, II, 319-322 беттер.

150