Previous Page  144 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

үйреншікті болған бір тәсілмен орналастыру. Адам, бірсы-

пыра мәселелердің әр түрлі пішіндерде және өзгеше тәсіл

мен мазмұндармен қайталануымен оларды өзіне телиді. Осы

хикметке нұсқап, Аллаһ Тағала былай бұйырады: «Олар на-

сихат алар немесе тақуалардан болар деп, Құранды осылай-

ша арабша түсірдік. Онда түрлі ескертулерді тасфир еттік

(баяндадық)»

(Таһа, 113)

. Зәрқаши (ө. 794/1391) тасрифті (баян-

дау): «Уақыттың өтуімен, біріншісінің ұмытылу қамыменен

мағынаны ақылдарға жақсылап орналастыру үшін, ол сөзді

немесе ұқсастарын (синонимдерін) қайталау» деп ашықтаған.

Осылайша қайталау - Құранның тәлім тәрбиелік тәсілдерінің

бірі болуда.

Екінші мақсат болса, сол мағынаны өзгеше баяндау

қалыптарымен не түрлі тәсілдермен ортаға салу.

21

Осылай-

ша Құранды Аллаһтың түсіргендігі және адамдардың оның

ұқсасын жасай алмайтындықтары осы жолдарменен де

дәлелденген болады. Мынандай: Бір қисса қорыта немесе ег-

жей-тегжейлі түрде (ижмал немесе тафсилмен) өзгеше бей-

нелерде әр түрлі жерлерде өтуде. Бір ғана жерде көрінгенде

тәһадди (Құранның ұқсасын жасау үшін жекпе-жекке

шақыруы) дерлік орнына келтірілген болып саналмайтын

еді. Өйткені‚ кез келген бір араб бір сөз айтып немесе бір қисса

түсіндіріп, «айта алсаңдар сіздер де ұқсасын айтыңыздар»

дей алатын еді. Бір сөздің толығымен ұқсасын айту мүмкін

еместігінен бұл пікір Құран туралы да ұсынылуы мүмкін.

Алайда‚ Құранның жекпе-жегі - сондай сөздермен, сон-

дай тәсілмен қаланған сөз үшін емес, түрлі тәсілдерге сон-

дай-ақ қысқаша мазмұндамаға және толық егжей-тегжейлі

түсіндіруге мүмкіндік беретін ұқсасын келтіру тұрғысында

еді. Құранның түрлі тәсілдермен жасаған қайталауларының

әр бірінде қол жетпейтін тіл байлық бар. Алайда адамдар әр

түрлісінің ұқсасын жасауда әлсіздік танытумен тәһаддидің

жауапсыз қалғандығы белгілі болуда.

21

Зәрқәши, Бурһан, III, 26.

146