

“Хикмет”
баспа үйі
7) ҚАЙТАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ
Құран кейбір тақырыптарды қайталайды. Қайталау
– жәһилиет дәуіріндегі араб әдебиетінде де кездесумен бір-
ге Құранның қайталаудағы мақсаты жәһилие арабтарынан
бөлек болған. Өйткені, олар қайталауды тек
тәһуил, тәкид,
тахуиф және тәфәжжу
*
секілді маңызды жағдайларда
қолданады.
Құран Кәримде кездескен қайталанулар кейбір сөз неме-
се сөйлемдердің не кейбір мағыналардың қайталануларымен
екі топқа бөлінеді.
Бірінші түрдегі қайталау – күшейту мақсатымен бірге
қорқынышты көрсету, сақтандыру, жандандыру және су-
реттеу секілді шешендік тәсілдерінің біреуін қамтамасыз ету
үшін де болуы мүмкін. Бірақ кез келген қайталаудың бұл
мақсатқа қол жеткізгені, шеберлікпен қайталаудың сондай
оңай іс екендігімен түсіндірілмеуі керек. Қайталау мен ше-
шендік нүктелер арасындағы байланысты көрсетуде мына
аяттарды мысал келтіре аламыз:
«Үрейлі уақиға (қиямет) ُ
�َ�ِ
ر
���
ا
Үрейлі уақиға деген не? ُ
�َ�ِ
ر
���
ا
��
Үрейлі уақиғаның не екенін қайдан білесің?»
ُ
�َ�ِ
ر
�َ�ْ�
ا
�َ�َ
أدْرَاك
��َ
و
(Қариға, 1-3)
. Бұл жердегі қайталау
– дәріптеу және қорқынышты көрсету мақсатымен жасалған.
Яғни, қияметтің қорқыныштылығын әрі сипатын суреттеме-
стен тыңдаушыға сезіндіруде.
«Расында ол (Құран туралы) ойланды (не айтатындығын)
жоспарлады.
*
Мұндағы: Тәхуил - әңгіменің дәмін келтіру, Тәъкид - маңыздылығын арт-
тыру, Тахуиф - қорқыту, Тәфәжжу - қайғылылық тудыру.
143