

“Хикмет”
баспа үйі
беретін нәрселерден еді. Ол негізінде Аллаһтың Кітабын өз
үкіміне бағындыратын тұрақты, өзгермейтін ақиқат емес.
*
Мұны да баяндағаннан кейін істің негізіне кіріп бы-
лай дейміз: Жаңа ғана баяндағанымыздай бір кітаптағы
мәселелердің бірдей тақырып астында бөлінуі қадағаланған
мақсаттарға қатысты. Енді осы принципті өлшеу негізін-
де алып қарайтын болсақ‚ Құранның бұл қасиеті Құрани
мағынаның тұтасының айналасында айналсоқтаған жоғарғы
хикметтен туындағанын көреміз.
Ол хикмет мынау: Құран қамтыған бұл неше түрлі
тақырыптардың және бөлшектелген мағыналардың барлығы
бір ғана күлли (жалпы) мағынаның төңірегін айналсоқтауда:
Бұл жалпы мағына болса‚ ол адамдарды өз пікір және
қалауларымен Аллаһқа құлдық етуге шақыру. Ия, Аллаһ
пенделерін қалайша ықтиярсыз құл ретінде жаратқан бол-
са, еріктерімен де сол құлдықтарын қабыл етулерін, өздерін
Жаратушыға қарай тәртіпке салуларын және алдарында
бақыттылық не бақытсыздықпен өтетін бұ дүние өмірінің
оныңқасындатүккетұрмайтынмәңгілікөмірдіңбарекендігін
білулерін қалаған. Мінеки Құран, бүкіл әлемнің жаратылыс
негізін құраған осы жалпы мағынаны заң, үкім, тарих, дау,
бейнелеу, уа’д (жәннатпен қуанту) және уайд (жәһәннаммен
қорқыту) секілді түрлі тақырыптардың барлығына рух
қылған. Бұл рух сол түрлі тақырыптарға ықпалын таратып
оларға өмір беруде. Сондықтан бұл да Құранда кездестірген
*
ШахУәлиуллаһДыхләуи бұлмәселеде мынадай ой айтады: «ҰлыЖарату-
шымыз, топырақ адамға сөз сөйлейтін кезде адамдардың бір бөлігіне ұнап,
бір бөлігіне ұнамайтын белгілі бір қалыптармен емес, жалпыға ұнйтын
ортақ қалыппен сөз сөйлеуді қалады. Мәликуль Мулк Аллаһ, Адам бала-
сына жолын көрсететін кезде дәуірлер мен аймақтардың ауысуымен ол да
ауысып кететін кәдімгі заңдарды емес, өзінің қарапайым заңдарын бекітуді
қалады. Белгілі бір қағидаларға байланып қалмай сөз бен істің ойықтары
мен кедір-бұдырларын көпшіліктің бәріне бірдей теңдестіре білу тек Ұлы
Аллаһқа ғана тән құдірет пен қабілет» (Әл-Фәузуль Кәбир, 90-95 б.б.)
138