

“Хикмет”
баспа үйі
Табиғи ілімдермен шұғылданған біреу болса‚ жер
шарының ішінде оттың болуы себебінен кейбір төңкерістер
және бірігулернәтижесінде іске асатынсілкіністертаулардың
пештің түтігі сияқты міндет атқаруымен тынышталады. Жер
шарының орбитасындағы тұрақтылығына және жердің сіл-
кінуіне қарамастан жылдық орбитасынан айырылмауына
себеп болған нәрсе таулардың бар болуы еді. Осылайша жер
шарының асып тұрған күштілігінің таудың тесіктеріменен
демалғандығын ойлайды, таулардың дерлік аманат тетігі
күйінде болғандығын түсінеді. Қазіргі жағрафияның кей-
інгі уақыттарда түсінген және іsostasy атауын берген «жер
жүзінің теңдік заңында» таулардың ең маңызды элемент
екендігін еске түсіреді.
16
Қазықтың жер үстіндегі бөлігіндейінің жерге қадал-
ғандығын ойласақ осы аят кәримәның таулардың жерге
қадалғандығын білдіретіндігін айта аламыз. Шындығында
басқа бір аят кәримәда «Оған тауларды мызғымас қылып
орнатты»
(Назиғат, 32)
делінген. Сондай-ақ‚ қазіргі таңдағы бі-
лім айтқанындай таулардың кедір-бұдырлығына сәйкес жер
астында жер жынысының да сондай өлшемде кедір-бұдыры
бар екені Құран білдіргендей таулардың «берік қазықтар се-
кілді» болғандығы жақсылап анықталған.
Аят кәримә мұның барлығын ашық түрде дәлелдеуде‚ со-
нымен қатар теңдессіз тәсілімен адамдардағы білім деңгейіне
қарай түсініктерін аздап түрту арқылы, бүтіннің кейбір
жақтарын көрсетуменен осылайша бүкіл адамзатқа пай-
дасын тигізуде. Бұл жағдай, яғни жаңылыссыз бір сөзбен
осыншалық кең уақыт, мекен, ілім және тыңдаушылардың
сансыз дәрежелеріне зарар тимейтіндей түрде үндеу жасауы
- жеке басына бір мұғжиза.
16
Уахдидуддин Хан, «әл-Исламу ятахадда», 218-бет.
136