

“Хикмет”
баспа үйі
6) ӘДЕБИ ТҮРЛЕРДІҢ АРАЛАСЫП КЕЛУІ
Құранның әңгімелері және тақырыптары көбінесе
араласқан түрде келеді. Басқа кітаптарда кездесетіндей
тақырыпқа қарай реттелмеген. Зерттелген тақырыптардың
барлығы бірден араларында бірлік болмай-ақ бір-біріне
жалғанады, бір-бірімен байланады.
Исламға қарсылардың ауызына қараған кейбір адамдар,
Құранның бұл мәселесін бір кемістігі ретінде көрсетіп күмән
тудыра алатындықтарын ойлаған. Алдымен бұл сіңісудің
және қайнасудың неден пайда болғандығы туралы сұрақ
қойып,жауаптыда өздерінтолғандырғандайбылайша берген:
«Бұл - бәдәуиліктен (көшпенді араб айпалары)‚ мәдениетсіз
және шығарманың қарапайымдылығынан туындаған». Бұл
сөздердің астарында ашық түрде айта алмаған бір күмән жа-
туда. Ол күмән Құранның бір адам тарапынан жазылғаны
және шашыраңқы пікірлердің жиынтығы болғандығы де-
мектері еді.
Негізінде, бұл ерекшелік те Құранды адам жазбаған-
дығының дәлелі болып табылады. Оның әдеттен тыс жалғыз
ерекшелігі бұл ғана емес. Өткен тақырыптарда Құранның
өзіне тән кейбір қасиеттерін ұсынған едік. Бұл солардың бі-
ріншісі.
Екіншісі‚ Құранның әдіс-тәсілін зерттегенде адамзаттың
бүгін, кеше немесе алдағы бір уақытта мақұлдап бекітетін
қандай бір шығарма не әдеби шарттардың аясында бағалау
керек.
Жазушылардың кітаптарын тақырыптарына қарай бір-
сыпыра бөлімдерге‚ ол бөлімдерді өз ішінде тағы кішкене
бөлімшелерге бөлулер онша зәру іс емес. Иегердің бұл реттеу
ісі кітаптарында діттеген мақсаттарына байланысты. Бұл
көбінесе әдет-ғұрып мәселесі болып‚ уақыт өте келе ауыса
137