

“Хикмет”
баспа үйі
мағыналардыңсіңісіп, қайнасуларыарқылыортағашығарған
көріністермен болады.
Сондықтан Құран бір қиссаны баяндағанда оған беріліп
негізгі мақсатты ұмытуға жол бермейді. Үгіт, уа’д, уайд т.б
тәсілмен бұл мақсатты қиссалардың ара-арасына шеберлік-
пен орналастырады. Бұлай жасауы баяндалған қиссалардан
күтілген мақсатты жүзеге асыру үшін еді. Ақыл мен пікірдің
майда-шүйде‚ төмен деңгейде қалуынан құтқарып, оны не-
гізге қайта оралту үшін еді. «Өйткені, мақсат - тек баяндау
емес. Мақсат, ақылда орнықтыру және қайталану арқылы
пайдаландыру. Сондықтан бұл мағына ретсіз, яғни бөлімдері
ретімен тізілмеген мәтінде тым күшті және толық.»
17
Құлшылыққа немесе дүниелік мәмілелерден қайсы бі-
ріне тиісті үкім қоярда да Құран сол тәсілді қадағалайды.
Бұл үкімдерді бір заң кітабы секілді өзінше тәуелсіз ілім
тәртібі бойынша оқуыңызға мүмкіндік бермейді. Баяндалған
мәселеменқатысыжоқ,Аллаһтыңбарлығынжәнеұлылығын,
бақылап тұрғандығын немесе ахіреттің бір жағдайын ойға
түсіру арқылы ұсақ-түйекті‚ егжей-тегжейді әкеліп негізге
байлайды.
Айталық Құран мәселелердің түсіндірілуінде адамзат
шығармасының тәсілдеріне қарай әрекет жасап, ақайд не-
гіздерін бір бөлімге, жәннат және жәһәннам ақуалын бір
бөлімге, заң үкімдерін тағы бір бөлімге, тарих пен қиссаларды
бір бөлімге жинақтаса не болар еді? Ия, егер Құран бұл әрекет
үлгісін қолданғанда, негізгі мақсатты іске асыра алмай, бұл
бөлектер мен бөлімдер рухсыз қалып, барлығының қамтып
көрсетуі қажетті болған жоғарғы жалпы мағына жарқырап
көрінбей қалатын еді. Оқыған кісі оны бір жерде ғана көріп,
басқа бөлімдерге өткенде ұмытатып қалатын.
17
Шах Уәлиуллаһ, Фәуз, 98-бет.
139