Previous Page  132 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

дан пәк. Салыстырғанда, орташа денгейдегі білімділер бұдан

артығырақ мынаны түсінеді: «Аят кәримә сонымен қатар

періштелердің, Хазіреті Исаның немесе туылған кез кел-

ген бір жаратылыстың Тәңірі бола алатындығын да жоққа

шығаруда. Өйткені, іске аспайтын (мүмкін емес) нәрсені

қабылдау пайдасыз болғандықтан, шешендікте пайдалы

бір керек үкім мақсат етіледі». Яғни онсыз да белгілі болып

тұрған үкімнің астарлап керек еткен мағынасы білдіріледі.

Сондықтан затқа тән болған бала мен әкені қабылдамаудың

мақсатыастарлытүрде анасы, әкесі, баласытеңболғандардың

Тәңірі бола алмайтындығын білдіруде.

Бұдан алдыңғы дәрежедегісі болса мынаны түсінеді:

«Аллаһ Тағала болмысқа байланысты тууды және туылуды

еске түсіретін әр түрлі байланыстан да пәк. Ортақтасудан,

жәрдемшіден, ұқсастықтан пәк. Оның болмыстармен бай-

ланысы, тек олардың Жаратушысы екендігінен тұрады.

Оларды бар етуі Өзінің әзәлгі (ежелгі) қалауымен‚ тек “Бол”

деуімен ғана іске асды. Әйтпесе кейбір философиялық және

діни көзқарастардың пікірлеріндей қатты қажеттілік,

мәжбүрлік немесе мақсаты болмастан пайда болу (

emanatіon

)

жолдарының біреуімен болмыс алаңына шыққан емес».

Бұлардан да жоғары деңгейлердегілер болса мынаны

түсінеді: «Аллаһ Тағала - әзәли‚ әбәди (басы және соңы жоқ)‚

әууәл‚ ахір (ең бірінші және ең соңғы). Ешқандай түрде не

затында, не сипатында, не іс-әрекеттерінде оған ұқсас теңі,

қосағы, ұқсасы, түстесі, мысалы мүлдем жоқ.

Айтылған дәрежедегілерге арифтердің (көрегендердің),

шыншылдардың, ғашықтардың басқалай түсініктері де

қосылса болады.

15

Біздің байқауымызша бір аят кәриме бір-

біріне қарама-қарсы болмай, бір-біріне байланған шынжыр

іспеттес түрліше мағыналарды қамти алуда.

15

Б. Сайд Нұрси, «Сөздер» 433-бет.

134