

“Хикмет”
баспа үйі
кезектесуінде, адамдардың пайдасы үшін теңізде жүзген ке-
мелерде Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы
үгілгенжердіжандандыруында, сондай-ақонда әр алуан жан-
жануарларды таратуында, (бағыт өзгертіп) соғатын желдерді
және жер мен көкті, араларындағы бағынышты бұлттарды
басқаруында ақыл иелері үшін (Жаратушының бірден-бір
екендігін дәлелдейтін) даусыз дәлелдер бар.
***
165 – Кей адамдар Аллаһтан басқаны (бұт-бұрқанды) құ-
дай көреді де, оларды (мұсылмандардың) Аллаһты сүйгенін-
дей сүйеді. Бірақ мүминдер Аллаһты артықша сүйеді. За-
лымдар азапты көрген кезде күллі күш-қуаттың Аллаһқа тән
екендігін, Аллаһтың жазасының қатты екендігін білсейші!
***
166 – Ілестірушілер сол кезде азапты көріп, ілесушілер-
ден безеді. Олардың араларындағы қарым-қатынас үзіледі.
***
167 – Ілесушілер: «Әттең бізге бір рет (дүниеге қайта)
қайтар күн болса, олардың бізден безіп кеткеніндей біз де
олардан безер едік» дейді. Аллаһ олардың істеген істерінің
өкінішін (көздеріне) осылайша көрсетеді. Олар тозақтан
шыға алмайды.
***
168 – Әй‚ Адамдар! Жер жүзіндегі адал, пәк азықтарды
жеңдер, шайтанның соңынан ермеңдер. Өйткені, ол –
сендердің әшкере дұшпандарың.
***
169
–
Ол сендерді жамандыққа, жиіркенішті істерге,
Аллаһ туралы өздерің білмейтін сөздерді сөйлеуге жетелейді.
129