

“Хикмет”
баспа үйі
170 – Оларға (Мекке мүшріктеріне): “Аллаһ түсірген
(Құранға) ұйыңдар” делінсе, олар “жоқ, біз ата-бабалары-
мыздан қалған дінге ұйыймыз” дейді, ата-бабалары ешнәрсе
ұқпайтын, тура жолды таба алмайтындар болса да (олар
солардың жолын қумақ па?).
***
171 – Кәпірлерді үгіттеуің айғайды ғана естіп, сөздің
мағынасын түсінбейтін малға айғайлағанмен бірдей. Олар
саңырау, сақау, соқыр (ақиқатты естімейді, сөйлемейді,
көрмейді). Сондықтан олар ешнәрсе түсінбейді.
***
172 – Ей‚ мүминдер! Өздеріңе берілген адал ризықтардан
жеңдер, егер Аллаға ғана құлшылық етер болсаңдар Оған
шүкіршілік етіңдер.
***
173–Аллаһ сендерге өлексені (бауыздаусыз өлгенмалды),
қанды, доңыз етін, Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған
хайуанды жеуді арам қылды. Алайда кім амалсыз жағдайда,
еріксізден одан (жан сақтап қаларлықтай) өз лайығында
жесе, күнәға жатпайды. Өйткені, Аллаһ өте кешірімшіл һәм
ерек мейірімді.
***
174 – Аллаһ түсірген кітаптың (Тәурәттің) сөзін жа-
сырып, оны болмашы ақшаға сататындардың жеп қарнын
қампайтқаны тек от қана. Қиямет күні Аллаһ оларға тіл де
қатпайды. Олардың күнәларын да кешірмейді. Олар қатты
азапқа душар болады.
***
175 – Әне солар - туралыққа азғындықты, кешірімге жа-
заны (ұжмаққа тозақты) айырбастап алғандар. Олар тозаққа
не деген шыдамды?!
130