

“Хикмет”
баспа үйі
180 – Егер сендерден біреу өлер кезінде артына көп мал-
мүлікқалдырса,ата-анасына,жақынтуыстарынаадалдықпен
өсиет айтуы керек. Бұл тақуалар үшін нақты парыз етілді.
***
181 – Кімде-кім өсиетті (ет құлағымен) естігеннен соң оны
өзгертіп жіберсе, оның күнәсі өзгертушіге жүктеледі. Аллаһ
расында барлығын естіп, біліп тұрады.
***
182 – Кімде-кім өсиет айтушы ағат кетіріп немесе
қателесіп қалмасын деп оларды (өсиет айтушы мен өсиетті
тыңдаушыларды) жарастырып қойса, мұның оқасы жоқ.
Аллаһ - асқан кешірімшіл әрі рақымды.
***
183 – Ей, мү’миндер! Бұрынғыларға парыз болғаны
сияқты, сендерге де (күнәдан) сақтануларың үшін ораза па-
рыз етілді.
***
184 – Оразаның күні санаулы. Сендерден біреу ауру болып
немесе жолаушы жүріп (ораза ұстамаса), кейін сол күнінің
орнын толтырсын. Ораза ұстауға дәрменсіздер (кәрілер яки
әлсіздер) күніне жоқшылықтағы бір адам тоятындай федия
берсін. Кімде-кім (белгілемеден) артық берсе тіпте жақсы.
Білсеңдер, сендер үшін (ауыз ашық жүруден, бодау беруден)
ораза ұстағандарың әлдеқайда жақсы.
Дәл осы сүренің 264–253 бөліміндегі тарих және қисса,
255 - аят кәримәсінде тәңірлік қасиет тақырыптарына да
қараңыз.Мұныңбарлығындаберілгенүкімніңдұрыстығының
куәгерлерін табасыз.
132