Previous Page  133 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Енді уақыт, ілім және зауық өзгешеліктеріне қарай

түрліше түсініктер туралы бір мысал келтірейік: Нәбә

сүресінде ұлыРаббымыз

دًا

��ْ

ل َأَو

�َ�ِ�ْ�

و َا

аят кәримәсында, “та-

уларды жерге қазық” қылғандығын білдіруде. Халық сырт-

тай жерге қағылған қазық секілді тұрған тауларды көреді.

Олардағы пайдаларды және нығметтерді түсініп Жаратушы-

сына шүкір етеді.

Бір ақын осы сөзден мынаны сезінеді: Жер жүзін табан,

көк күмбезін электр шамдарымен сәнделген көрікті жасыл

бір шатыр және аспанның етектеріні бастарынан тірелген та-

уларды ол шатырдың қазықтары күйінде елестетіп, Жарату-

шысын шексіз құрметтейді.

Жағрафияшы ғалымға қарағанда, жер шары – ауаның

мұхитында жүзген кеме, таулар да ол кеменің үстінде тепе-

теңдікті сақтау үшін орналастырылған қазықтар және

діңгектер болып табылады. Ол да, жер шарын ретке келті-

рілген кеме пішінінде жасап, біздерді де ішіне салып, әлем

теңізінде кезген шексіз құдірет иесі Раббымызға шүкір етеді.

Қоғамдық өмірмен айналысатын бір ойшыл: Жер

жүзінің өмірі - бір үйдің өміріндей, осы үйдің орта діңгегі –

жандылардың өмірі. Жандылардың өмірінің діңгегі олардың

өмір сүрудегі шарттары болатын су, ауа және топырақ. Су,

ауа және топырақтың діңгегі мен қазығы болса таулар.

Өйткені, таулар – судың қоймасы, ауаны зиянды газдар-

дан тазалауы жағынан ауаның сүзгісі. Батпақтанудан және

теңіздің жайылуынан қорғаушы ретінде де топырақтың

қамқоршысы. Сондай-ақ‚ адам өмірінің өзге қажеттіліктері

үшін де біршама қазына. Осылайша ойлау арқылы алып та-

уларды өмір атты үйіміз болған жер жүзіне діңгек қылған

және қорегімізге қазына ретінде белгілеген ұлы және ізгілік

иесі Жаратушымызға мадақ мен тағзым етеді.

135