

“Хикмет”
баспа үйі
176 – Бұл (қатты азап) Аллаһтың өз кітабын
(Тәуратты) хақ түсіргендігінен (олардың Тәураттағыларды
жасырғандығынан немесе өзгерткендігінен) болды. Кі-
тап турасында талас-тартыс шығарушылар өте ұзақ уақыт
қарсылықта қалды.
***
177 – Беттеріңді шығысқа немесе бастысқа қаратуларың
жақсыіскежатпайды.ҚайтаАллаһқа, қияметке, періштелер-
ге, (Аллаһтан түскен) кітаптарға, пайғамбарларға шынайы
сену, Аллаһтың ризалығы үшін мал-мүлкінен жақындарына,
жетімдерге, міскіндерге, (мал-мүлкінен қол үзіп қалған)
жолаушыларға, қайыршыларға, құлдарды азат етуге заттай
көмек беру, сондай-ақ намаз оқып, зекет беру, уағдасына опа
қылу, жоқшылыққа , ауруға, (Аллаһтың жолындағы) соғыс
зардабына шыдамдылық көрсету – міне осылар жақсылыққа
жатады; нағыз адал адамдар, нағыз тақуалар міне осылар.
***
178 –Ей‚ мү’миндер! Кісі өлтіргендерден қан қарызын алу
(қысас) сендерге парыз етілді: азамат (азат адам) үшін азамат,
құл үшін құл, әйел үшін әйел (өлтіріліп қан қарызы алына-
ды). Өлтірілушінің жақын туысы белгілі дәрежеде кешірім
еткісі келсе (қан қарызын алудан кешсе) онда өз жөнімен
(кесімді құнды) талап етуі, (қылмыскердің де) құнды жақсы
мәмілемен толық төлеуі керек. Бұл үкімРаббыларыңның сен-
дерге істеген жеңілдігі әрі көрсеткен мейір шапағаты. Осы-
дан кейін, шектен асып кеткендер (құн алғаннан кейін қанды
қолды өлтіргендер) Алланың ауыр жазасына ұшырайды.
***
179 – Ей‚ ақыл иелері! сендер үшін қысас ішінде өмір бар
(біреудіөлтіргенадамөзініңдеөлтірілетінінбіледі.Сондықтан
райынан қайтады). Бұл (қан төгуден) сақтанулары үшін.
***
131