

“Хикмет”
баспа үйі
5) БІР СӘТТЕ ӘРҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙЛЕРГЕ ҮНДЕУІ
Құран мағыналарына ерекше бір тәсілмен сөз қалыбы
кигізілгені соншалық бір сәтте әр түрлі замандармен
өлкелерде өмір сүрген, білім денгейлері өте өзгеше болған
барлық адамдарға үндеуге қолайлы болған. Құранның
көптеген аят кәримәсі әрқандай денгейдегі көптеген ада-
мы бар мәжілісте оқылғанда, ол жердегі әрбір кісі іліміне
қарай түрліше түсінеді. Бұл аят кәримәдан қарама-қайшы
мағыналар шығады, қай жерге тартсаң сол жерге кете бере-
ді деген сөз емес. Шындығы мынау: мағына сол қалпында
қалумен қатар, бір топ аят кәримәлардың беті, тереңдігі және
түбірлері болуы мүмкін. Аят кәримәның тәсілі – бұл үш ерек-
шелікті де қамтыған. Халық (көпшілік) сыртқы көріністегі
бірінші үстірт мағынаны, зиялылар тереңдіктегі белгілі бір
мағынаны, мамандар болса мағынаның түптерінің көбісін
түсінеді және тіпті кейіннен келетін ұрпақтарға да басқа
ерекше мағыналары қалуы мүмкін.
Түрліше түсінілуі мүмкін аят кәримәларды алғашқы
мұсылмандар өз күйлеріне қарай, ал кейіннен келгендер бол-
са жеткен ілім денгейлеріне қарай түсінеді.
Бірақ
‚
қайткенде
де бұл түсініктер – аят кәримәның жорамалдануы, әйтпесе
жасандылықпен
сөзге
жүктелмейтін
мағыналардың
зорлықпен жүктелуі емес. Тек мынау ғана бар, бұрын өмір
сүргендердің дәуірлерінде, кейіннен келгендер түсінген
мағынағакөңілбөлетінмәселелерболмағандықтан
, олардың
білулері әлбетте талап етілмейді.
Құранда мұның көптеген мысалдары бар. Әуелі заман-
ның айырмашылығын көрсетпей-ақ зейін, мәдениет және
көңіл қою деңгейімен байланысты бір мысал келтірсек. Мы-
салы, Ықлас сүресінің ٌ
�َ�َ
ًا أ
�ُ�ُ�ُ �َ�ْ �ُ�َ�ْ ��َ
ْو
�َ��ُ�ْ ��َ
ْ و
�ِ�َ�
ْ
��
бөлігін алайық. Көп халық бұдан мынаны түсінеді: “Аллаһ
Тағала әкесі және баласы болудан, теңі және ұқсасы болу-
133