Previous Page  145 / 212 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 212 Next Page
Page Background

“Хикмет”

баспа үйі

Құранда бірдей тәсілмен және бірдей баяндау райымен

қайталанған жерді көрсету мүмкін емес. Қайталанған болып

келген жерлерде тәсіл өзгеруде және мәселенің белгілі бір

жағына назар аударуда.

Мысалы, Хазіреті Нухтың қиссасын Һуд сүресінен (25-

49) оқиық. Кейін сол қиссаны Қамәр сүресінен қарайық (9-

15). Сонан соң әр екі мәтіндегі ұсыну мен суреттеу тәсілін,

мазмұндардың ауырлығын құраған мағына жағын тағы

салыстырайық. Сонда екіншісінде қиссаны жаңадан естіп

жатқандай болатындығымызды көреміз. Өйткені, Құран

ақылы мен білімі түрлі деңгейдегілерге үндеуде. Кейбір

адамдарға қорыта айту жетіп жатса, кейбіреулері егжей-тег-

жейлісінен ғана түсінеді. Бұл да тақырыптың өзгеше баянда-

улармен түсіндірілуін қажет етеді.

Құран – ақиқатқа шақыру кітабы. Шақыру мен тәблиғ

аясында бүкіл адамзат және олардың ішінде де түрлі-түрлі

жаратылыстағылар болғандықтан, түрлі тәсілдермен баяндау

керек болғаны соншама‚ мәселе жан жақты түсіндіріледі.

Сонымен бірге Құран дұға және зікір кітабы. Дұға мен зі-

кір болса қайталаудың арқасында ғана әсерін тигізіп‚ нұрға

бөлейді.

Әрі әркім Құранның барлығын (не ғапылдықтан неме-

се мүмкіндік таба алмағандықтан) оқи алмайды. Бірақ бір

сүрені көбінесе оқи алады. Сол үшін Құранның ең маңызды

мақсаттары - қысқа сүрелерге орналастыру арқылы әр бір

сүре кішкентай бір Құран іспеттес болып, сырттай қарағанда

қайталау мұның бір нәтижесі болған. Қайталанған мәселе әр

сүреде лайықты түрде мазмұнына енгізілген. Бір қисса бір

сүреде қайталанбайды.

Әрі Құран негіздеуші. Қасарысу мен күпірліктің

қараңғылығындағы адамзаттың әлем, өмір және адам тура-

147