

“Хикмет”
баспа үйі
Өйткені‚ берілген әмірдің атқару сатысында болғандығын
білдіруде.
д)
Жағдайын білдірумен
: “Кім Қағбаға кірсе қауіпсіз бо-
лады”
(Әли Имран, 97)
. Яғни‚ “Ей, адамдар! Оның қауіпсіздігін
қамсыздандыруға міндеттісіңдер” деген сөз.
е)
Іс-әрекеттің абзалы болғандығын білдірумен
: “Олар
сенен жетімдер туралы сұрайды. Оларды (тәрбиелеп, мал-
мүлкін қорғап) түзеткен жақсы”
(Бақара, 220)
.
ж)
Ол істің парыз екендігін білдірумен
: “Аллаһ
пайғамбарға бұйырған істе оған бір қиындық болмайды”
(Ах-
заб, 38)
.
з)
Аталған іс атқарылғанда сыйлық уәде ету арқылы
:
“Кімде-кім Аллаһ жақсылықпен борыш берсе, Аллаһ оған
еселеп қайтарады”
(Хадид, 11)
.
и)
Іс-әрекетті одан алдыңғы бір шартқа байлаумен
:
“Хажды және ұмраны Аллаһ үшін толық орындаңдар. Егер
жолда тосылып қалсаңдар, қолға оңай түскенін құрбандыққа
шалыңдар”
(Бақара, 196)
.
к)
Болымсыз сұрақ түрімен
: “(Күллі ғаламды) жаратушы
мен (ешнәрсе) жарата алмайтын (пұттар) бірдей ме? Осыны
да түсінбейсіңдер ме?
” (Нахыл, 17)
. Бұл “ғибрат алыңыз” деудің
басқа бір түрі.
л)
Аллаһ өз ісін өтініш білдіретін бір сөзден кейін келті-
румен
: “Шүкір қылуларың үшін, Аллаһ өз аяттарын сендерге
осылай баяндайды”
(Мәйдә, 89)
. Яғни, “Аллаһ сендерге аятта-
рын баяндайды. Олай болса шүкір етіңіздер”.
м)
Іс-әрекеттің орындалуын қаламағанын соны жаман
суретеумен
: «Кімдер Аллаһтың аяттары бойынша үкім ет-
песе, олардың кәпір болғаны»
(Мәйдә, 44)
. Яғни‚ «Аллаһтың
түсіргендерімен үкім ет».
149