

“Хикмет”
баспа үйі
қолдары жетпейді. 25. Қайнап тұрған су мен ірің ғана іше-
ді. 26. Бұл оларға өте лайық жаза. 27. Өйткені‚ олар есеп
алынатындығын да назарына алмаған-ды. 28. Олар біздің
аяттарымызды мойындамаған еді. 29. Біз барлық нәрсені
хаттап жазып қоямыз. 30. (Оларға соны айтамыз:) “Енді та-
тып көріңдер. Сендердің тартатын азаптарыңды арттыра
береміз.” 31. Тақуалар үшін қол жеткізерлік табыс бар. 32.
Бау-бақшалар, жүзімдер, 33. Бүлдіршіндей біркелкі құрдас
қыздар, 34. Сусын толы кеселер бар. 35. Олар онда мәнсіз бос
сөз және өтірік сөз естімейді. 36. Міне олар – Раббыңның бер-
ген силығы, молынан арнағандары (…). 39. Сол күннің бола-
тыны хақ. Кім қаласа, сол Раббына тура барар жол тұтсын.
40. Біз сендерді таяп тұрған азаптан абайландырдық. Ол күні
әр адам өзінің бұрынғы істеген істерін ғана көреді. Кәпірлер:
«Әттең, бүйткенше топырақ болып-ақ қалсақшы! (дейді)»
Рум сүресінің төмендегі бөлімі де тәухидті дәлелдеуге
қатысты:
20. Сендерді топырақтан жаратқандығы, одан кей-
ін адам болып (жер-жүзіне) таралуларыңның өзі де оның
(құдыретінің) белгілерінің бірі. 21. Бой ұрып тұрақтауларың
үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа
сүйіспеншілік, мейірім орнатқандығы да оның белгілерінің
бірі. Ойжүгірте білетінқауымүшінмұнда көптеген ғибрат бар
екені шүбәсіз. 22. Көк пен жердің жаратылуы, тілдерің мен
өңдеріңнің алуан түрлі болуы да – оның белгілері. Осының
өзінде де білімділер үшін көп ғибрат бар екені даусыз. 23.
Түнде және күндіз ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың рахы-
метінен (несібелеріңді) іздеулеріңнің өзі де оның белгілерінің
бірі. Құлақ асатын қауым үшін мұнда көп ғибрат бар екені
шүбәсіз. 24. Сендерге нажағайды әрі үміт, әрі қорқынышты
етіп көрсетуі, көктен өлген жерді жандандыратын жаңбыр
жаудыруыда оның (кәміл құдірет) белгілерінің бірі. Түсіне бі-
летін жұрт үшін мұнда расында талай ғибрат бар. 25. Көк пен
151