А
ллаһ тағала әлемдегі барша жан-затты жұп етіп
жаратқан. «Жалғыздық тек Жаратқанға жарасқан»
демекші, әрбір тіршілік иесі тек қана өзінің жұбымен ғана
жарасымды. Барша жаратылыс атаулының ішінде ең асылы
− адамзат десек, сол адамзат баласы да ер жетіп есейгенде
жақсы жар тауып, жарасымды жұп құруды көксейді. Отау
тігіп, шаңырақ көтеру, үлгілі отбасы болу − әрбір адамның
жауапкершілігі зор мақсаты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір
сөзінде:
وَتَنَاكَحُوا تَكْثُرُوا ، فَإِنِّي مُبَاهٍ بِكُمْ الُْمَمَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ
Яғни,«Некелесіңдер(үйленіңдер),көбейіңдер,менқияметте
өзге үмбеттерге сендерді мақтан етемін
1
» деген. Әрбір пенде
жерде Аллаһқа ізгі құл, пайғамбарға үлгілі үмбет болатын
ұрпақ қалдыруды арман етеді. Өмірдегі ең жауапты кезең де
осы ғұмырлық жар таңдау сәті. Әрбір адам жарасымды жанұя
құруды қалайды. Алайда, кейде отбасылық өмір жайлы ешбір
мағлұматы жоқ жастар тек «көзі сұлу, өзі сұлу» деп үйленіп,
соңынан көп өтпей жұптары жазылып жатады. Мұның бірден-
бір себебі жар таңдау, отбасы құру жайлышариғаттың кеңесіне
құлақ аспау болып отыр. Шариғаттың некелесу және үйлену
туралы насихаты жар таңдауда жаңылыстырмай, некені берік
етуді көздейді.
1
Әл-Ихтияр литәълилил мұхтар, Абдулла бин Махмұд әл-Маусили әл-
Ханафи, 2-том, Неке бөлімі, 101-бет
ҮЙЛЕНІП ҮЙЛІ БОЛ,
ҮЛГІЛІ ҮМБЕТ БОЛ!
3