Previous Page  6 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 36 Next Page
Page Background

етуші тіл, қиыншылыққа төзімді тән және өз ар-намысы мен

күйеуінің мал-мүлкіне қиянат етпейтін әйел

3

» деген екен.

Табарани және Хаким риуаяттарында:

مَنْ رَزَقَهُ اللُّ امْرَأَةً صَالِحَةً فَقَدْ أَعَانَهُ عَلَى شَطْرِ دِينِهِ ، فَلْيَتّقِ

اللَّ فِي الشّطْرِ الثّانِي

Мағынасы, «Кімге Аллаһ ізгі әйел нәсіп етсе, (дінінің)

жартысына жәрдем еткені. Қалған жартысына сақ болып,

Аллаһқа тақуалық етсін» деген.

Расында, ізгі әйел тек шаңырақтың берекесі емес, сонымен

бірге, ер азаматтың тақуалығына да үлкен үлес қосатынын

осы хадис айтып тұр.

«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» дегендей, отау

тігіп, шаңырақ көтеру ризық-несібенің молаюуына және

жақсылық есіктерінің ашылуына бірден-бір себеп болады.

Бұл жайлы хазірет Әбу Бәкір (р.а.): «Аллаһтың сендерге

неке жайлы айтқан әміріне мойынұсыныңдар, сонда Аллаһ

сендерге уәде еткен кеңшілігін (молшылығын) береді» десе,

«Нұр сүресінің 32-аятында (Ибн Әбу Хатим риуаяты): «Егер

олар кедей болса, Аллаһ- өз кеңшілігімен оларды байытады.

Аллаһ, аса кеңшілік иесі, толық білуші» деген.

Жабир (р.а.) баяндайды: «Аллаһ елшісіне (с.ғ.с.) бір кісі

келіп кедейлігін, жоқшылығын айтып шағымданды. Пайғамбар

оған үйлен деді».

Тағы бір кең тараған хадисте:

َثَالَثَةٌ حُقّ عَلَى اللِّ إعَانَتُهُمْ : الْمُجَاهِدُ فِي سَبِيلِ اللِّ ،

وَالنّاكِحُ يُرِيدُ أَنْ يَسْتَعِفّ ، وَالْمُكَاتَبُ يُرِيدُ الَْدَاء

Яғни, «Үш түрлі адамға Аллаһ міндетті түрде жәрдем етеді:

Аллаһ жолында күресіп (яғни, қызмет етіп) жүрген жанға,

пәктікті қалап үйленбек болған кісіге және қожайынынан өз

бостандығын сатып алушы құлға

4

» деген.

3

Фиқһул Уадих (төрт мазхабқа Құран және хадис негізінде ), д.Мухаммед

Бәкір Исмаил, 2-том, Каир, «Дарул манар», неке, ізгі әйел таңдау, 12-бет

4

әт-Таж Жамиъ лил усул фи-ахадис расул, шайх Мансур Әли Насиф,

Стамбул, «мактабат ханафия», 1-2 том, Термизи, Насаи, Хаким және

Дарақутни, неке бөлімі, 1-баб, 279-бет

6