Previous Page  4 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 36 Next Page
Page Background

Н

еке − ер жеткен азаматтың ерікті ісі. Алайда, жағдайға

қарай некелесу кейде мұстахаб, кейде уәжіп, кейде

харам, кейде мәкрүһ болады.

Некелесу мұстахаб болған топ:

мұстахаб − шариғатта

айтылған, міндеттеу үкімінсіз ынталантыру амалы. Жанұяны

асырай алатын мүмкіндігі бар, бірақ зинаға және оған алып

баратын жаман іс-әрекеттерден өзін тия алатын кісілерге

үйлену − мұстахаб.

Некелесу уәжіп болған топ:

Бұл топқа жанұясын асырай

алатын және мүмкіндігі бар, бірақ, өзін зина мен оған алып

баратын жаман іс-әрекеттерден тия алмайтын кісілер

жатады.

Үйлену арқылы дінін қорғап, өз ар-намысын сақтайды.

Шүбәсіз дінін және ар-намысын қорғау − ең маңызды

міндеттердің бірі. Сондықтан да, адам өз дінін және намысын

тек үйлену арқылы қорғау мүмкін болса, ол кісіге үйлену уәжіп

үкімінде болмақ.

Некелесу харам болған топ:

Отбасын асырауға шамасы

жетпейтін және де үйленуге ешбір себебі жоқ, сонымен қатар,

үйленсе шариғат тыйым салған жолмен күнелту сияқты харам

іске баруға мәжбүр болса некелесу харам болады. Мұндай

жағдайда дінін сақтау үшін мүмкіндігі мен шамасы жететін

мерзімге дейін үйленуді кейінге қалдыру қажет.

Некелесу мәкрүһ болған топ:

Жанұясын асырауға мүмкіндігі жоқ, алайда бірақ зина

және сол сияқты күнә іске барып қоямын деп қорықпайтын,

Некенің

үкімі

4