сұрайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немересі Хасан (р.а.):
Аллаһтан қорқатын жігітке тұрмысқа бер. Ондай жігіт қызыңды
жақсы көріп тұрса қадірлеп, сыйлайды. Ал, ашуланса қызыңды
ренжітпейді
10
», − деп кеңес берген екен.
Расында да иманды азамат әйелімен сөйлескен кезде
көңіл-күйі қандай болып тұрса да, ашуға салынып, кейін өзі
өкінетіндей іс-әрекетке бармайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызды жаман жерге ұзату қиянат
екендігін айтып:
مَنْ زوّجَ كَرِيمَتَهُ من فَاسِقٍ فَقَد قَطَعَ رَحِمَها
Яғни: «Кім қызын пасыққа тұрмысқа берсе, қызымен (ата-
аналық) қатынасын үзгені
11
», − деген екен.
Ал, Айша анамыз (р.а.):ُ
النِّكَاحُ رِقّ فَليَنْظُر أَحَدُكُم أَيْنَ يَضَعُ كَرِيمَتَه
Яғни: «Неке − нәзік мәселе. Сендер қыздарыңды қайда
ұзатып жатқандарыңа қараңдар (яғни, мән беріңдер)
12
», − деп
айтқан екен.
Қазақ «Қыз − қонақ, жат жұрттық» деп жатады. Қыз бой
жеткен соң, тұрмыс құрып, бөтен үйдің түтінін түтетері анық.
Алайда, қыздың құтты жерге қонып, бағы ашылуы үшін ата-
ана жауапты.
10
Фиқһул Уадих (төрт мазхабқа Құран және хадис негізінде ), д.Мухаммед
Бәкір Исмаил, 2-том, Каир, «Дарул манар», неке, күйеу таңдау, 14-бет
11
Ибн Хиббан
12
Фиқһул Уадих (төрт мазхабқа Құран және хадис негізінде ), д.Мухаммед
Бәкір Исмаил, 2-том, Каир, «Дарул манар», неке, күйеу таңдау, 14-бет
Өз қосағын тапқан қос
жас жұптық өмірді
ақ некемен бастауы −
мұсылмандық парызы.
12