Күйеу таңдау
бөлімі
Е
р азаматқа өзіне өмірлік ізгі жар таңдауы міндет
болғандай, әйел баласыда өзінежақсыжолдас таңдауы
тиіс. Қыз үшін жақсы жолдас дегені әйелдің ар-намысын
қорғайтын, келіншегінің көңіліне қаяу түсірмейтін, әйеліне
аса ерекше мән беретін адам. Әйел заты мұндай азаматтың
жанында жаны жай тауып мейірімділік пен сүйіспеншілікке
бөленеді.
Әйел баласы тұрмысқа шыққалы тұрған ер кісіні жіті
танымай жай үстіртін ғана біліп некеге ризашылығын берсе
өз жанын, ар-намысын және дінін қатерге тігуі әбден мүмкін.
Діндарлықпениман ғанаадамбаласынжақсылыққажетелейді,
жамандықтан жиіркендіреді. Әрине, әйел таңдау жасағанда
ер азаматтың сыртқы кейпіне, дүниесіне және тегіне мән
беруі айып емес, алайда діндарлығы мен мұсылмандығын
алға қойғаны дұрыс болады.
Бұл сөз тек қана қыздарға ғана қатысты емес, сонымен
бірге, қыздың әкесіне және аға-інілеріне де тиесілі. Өйткені,
қыздың тағдырына тіке-лей жауапты тұлғалар, ол − әкесі,
ағасы мен інісі. Кейде, иманды қыздың өзі мінез-құлқы нашар,
дінге немқұрайлы қарайтын және әйелдің ар-намысы дегенді
білмейтін жігітке көңілі ауып қалуы мүмкін. Мұндай қыздар
«осы жігіт мені бақытты етер, арманымды орындар» деген
үміт жетегінде тұрмысқа шығуы мүмкін. Осындай қауіпті
сезген әрбір аға-іні өз қарындасының жеке өміріне араласып,
жамандықтың алдын алып, дұрыс ақыл-кеңес беруге
міндетті.
Хазірет Әлидің ұлы Хасанға (р.а.) бір кісі келіп: «Менің
қызым бар. Кімге тұрмысқа бергенім жөн деп ойлайсыз, − деп
11