Осы хадисті Жүсіп Баласағұн бабамыз
...Әйел алса төрт белгісін көздейді,
Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі.
Бай әйелді біреу іздеп жүреді,
Енді бірі сұлуға көз тігеді.
Бірі тілер тұқымы асыл, тектіні,
Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.
Бірі нәзік, имандысын таңдайды,
Оны тапса, көңілде алаң қалмайды
8
..., - деп жырлаған
екен.
Ибн Мажаһ хадис жинағында жар таңдауда жаңылысқан
жігіттерге қатысты айтылған мынадай хадис бар: «Әйелдерге
тек сұлулығы үшін ғана үйленбеңдер, сұлулығы оларды
тәкаппар етуі мүмкін. Әйелдерге дүниесі үшін ғана
үйленбеңдер, мал-мүлкі оларды шектен шығаруы мүмкін.
Расында қара тәнді иманды әйел текті де дәулетті және көрікті
бірақ дінсіз болған әйелден абзал».
Ал, Әнас (р.а.) жеткізген хадисте: «Кім әйелді оның атақ-
абыройы үшін алса, Аллаһ ол еркекті қор етеді. Кім әйелді
дүниесі үшін алса, Аллаһ ондай еркекті жерге ұрады. Ал,
кім әйелге көзін күнәдан, мүшесін зинадан сақтау үшін және
туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін үйленсе,
8
Он ғасыр жырлайды, 82-бет, «Дәуір» Алматы 2006ж.
Жақсылықтың барлығы
иманда. Имансыз әйелдің
сұлулығы, тегі, тіпті,
дүниесі де ешбір пайда
бермейді.
9