Б
ірінші шарты:
Ер мен әйелге некелесу жайлы байлам
жасау.
Яғни, тұрмысқа шыққалы тұрған әйелдің басы бос болуы
шарт. Басы бос емес әйел, ол − өзге біреудің некесінде
немесе толық ажыраспаған, яки, күйеуі қайтыс болғалы идда
мерзімі бітпеген әйел. (Идда − әйелдің күйеуімен ажырасқан
соң күту мерзімі). Бұл − әйелдің үш рет етеккір көріп, толық
тазару уақытын қамтитын мерзім.
Екінші шарты:
Қыздың тұрмысқа шыққанда «разымын»,
ал жігіттің некеге алғанда «қабыл аламын» деп берген
жауаптары.
Үшінші шарты:
Уәлидің, яғни, қамқордың келісімі. Демек,
қыз теңін тауып тұрмысқа шығар болса, әуелі әкесінің
батасын алуы міндет. Уәли, яғни, қамқор − қыздың әкесі және
еркек кіндікті бауырлары деген ұғымды білдіреді. Қыздың
тағдырына тікелей жауапты да осы уәли. Өмірдегі ең жауапты
да, шешімді белес бұл отбасын құру.
Неке қию
шарттары
13