Маһрдің ең төменгі көрсеткіші он дирһам Он дирһам жеті
мисқалға тең (1 мисқал – 4,68гр.)
17
. Біздің өлшем бірлікпен
алғанда 32,76гр күміске тең келеді.
Алайда, шариғатта маһрдің мөлшерін айнымайтындай етіп
бекітпеген. Мұның сыры адамдардың барлығы материалдық
тұрғыда тең бола бермейді. Сонымен қатар, күн көру деңгейінің
өзі әр өңірде әр түрлі.
Айша (р.а.) анамыздың жеткізген хадисінде: «Шығыны
жеңіл болған неке − берекесі мол неке» (Имам Ахмедтің
риуаяты). Тағы бір хадисте: «Жақсы әйелдің маһрі жеңіл,
некесі оңай және мінезі көркем болады. Жаман әйелдің маһрі
қымбат, некесі қиын және мінезі жаман болады», − делінген.
Жоғарыда айтылған маһр мөлшері жеңіл түрге жатады.
Егер әйел рұқсат етсе, одан да төмен болуы мүмкін. Алайда,
ер жігіттің намысы да болуы керек.
17
Әл-Лубаб шарх әдабил китаб. Ғұлама шайх Абдулғани әл-Ғунайми
Димашқи Ханафи (Майдани атымен танымал). Дамаск, «Мактабат илмул
хадис» 2002-жыл, Неке бөлімі, 385-бет
Жақсы әйелдің маһрі
жеңіл, некесі оңай және
мінезі көркем болады.
Жаман әйелдің маһрі
қымбат, некесі қиын
және мінезі жаман
болады»
16