сұрадым. Пайғамбарымыз:-Егер тамақтансаңдар, оларға
да тамақ беру, егер киім алсаңдар, оларға киім алып беру.
(Тәрбиелейтін болсаңдар) бетінен ұрмау. Оларға жамандық
жасамау. (Ұрысып қалған жағдайда) үйден шығып кетпей,
бөлек жату, − деп жауап берді (Әбу Дәуіт риуаяты).
Ер кісі әйелін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге
міндетті. Әйел рұқсатсыз күйеуінің шаңырағынан басқа үйге
көшіп барса, сондай-ақ, рұқсатсыз жолға, яғни, сапарға
шықса, рұқсатсыз қажылық етсе күйеуі материалдық жағынан
қараспауға құқылы. Сонымен қатар, әйел өз жолдасының
рұқсатынсыз жұмысқа орналасып жатса, күйеуі материалдық
міндетін орындамауына құқылы.
Әрине, ер азаматтың әйеліне және бала-шағасына беретін
қаражат мөлшері жеке басының мүмкіндіктеріне және
қоғамдық жағдайына карай болады.
Күйеуінің берген қаражаты жетпесе, бірақ жоқшылықтан
емес сараңдығынан болса, әйел рұқсатсыз мөлшерлеп
және ысырап етпей қаражат алуына шариғат рұқсат береді.
Айша анамыз (р.а.) риуаят еткен хадисте: сахаба әйел һинд
пайғамбарымызға:-Уа, Аллаһ елшісі! Әбу Суфиян (һиндтің
күйеуі) сараң кісі. Маған берген қаражаты өзіме де, бала-
шағама да жетпейді. Тек өзім оған білдіртпей алсам ғана,
жеткізіп отырамын, − деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Өзіңе
және балаңа жететіндей етіп шамамен ал», − деп жауап
берді. Бұл хадис имам Ахмед, Бұхари, Мүслим, Әбу Дәуіт
және Нәсаи еңбектерінде бар.
«Муминдердің иманы
кәмілділері − көркем
мінезділері. Ал, сендер-
дің жақсыларың
әйелдеріңе жақсы
болғандарың»
Хадис.
20