Previous Page  24 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 36 Next Page
Page Background

шайтан нәрестенің тәніне зиян тигізбейді, − деген

түсіндірмелерді де айтып өткен.

2.

Мүмкіндігінше қосылған сәтте жамылғымен денелерін

бүркеу. Өйткені, жыныстық қатынас кезінде жамылғысыз қалу

мәкруһ. Ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген хадисте:

إيّاكُم وَ التّعَرِّي فَإِنّ مَعَكُم مَن الَ يُفَارِقُكُم إِلا عِندَ الغَائِطِ وَ

حِينَ يَفضِي الرّجُلُ إِلى أَهلِهِ فَاستَحِيوهُم وَ أَكرِمُوهُم

Мағынасы:

«Жалаңаштанудан сақтаныңдар. Шын

мәнінде сендермен үнемі болатындар (періштелер) бар. Тек

түзге шыққандарыңда ғана жандарыңа жоламайды. Тіпті,

әйелдеріңмен бөлек қалғандарыңда да олар (періштелер)

сендермен бірге болады. Олардан үялыңдар, оларды

сыйлаңдар», − деген.

3.

Қажеттен тыс төсекте сөйлемеу. Құбайс ибн Зуайб (р.а.)

риуаятындаُ

الَ تُكْثِرُوا الْكَالَمَ عِنْدَ مُجَامَعَةِ النِّسَاءِ فَإِنّ مِنْهُ يَكُونُ الْخَرَسُ ، وَالْفَأْفَأَة

Мағынасы:

«Әйелдеріңмен қосылғанда көп сөйлемеңдер,

өйткені, одан (нәрестеде) сақаулық пен кекештік болады», −

деген пайғамбарымыз (с.ғ.с).

4.

Төсек ләззатын ерлі-зайыптылар бірдей сезіну үшін

күйеу әуелі әйелінің құмарлығын оятуы. Әнас ибн Малик (р.а.)

баяндаған хадисте:

«Кісі − жұбайымен қосылар болса, әуелі әйелін әзірлеп

алсын. Әйелі ләззат алмайынша өзі ләззаттанып қоюға

асықпасын», − деген.

Ер кісі құмарлығын қандырып қойса, әйел ләззат алмаса

зиян көреді.

5.

Адамдар арасында жыныстық қатынас жайлы

бейберекет әңгімелеспеу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)ِ

مِنْ حُسْنِ إسْلاَمِ المرْءِ تَرَكُهُ ما لا يَعْنِيه

Яғни, «Өзіне қатысы жоқ іске араласпауы кісінің ең жақсы

мұсылманшылығынан», − деген.

24