Previous Page  27 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 36 Next Page
Page Background

әйел. Әйел етеккірден соң ғұсыл құйынбайынша хайыз

болып есептеледі. Муъаз (р.а.): босанған әйел бір жұмадан

соң тазарғанын көрсе, ғұсыл құйынып намазын бастасын,

27

-

деген.

Ғұсылдың парызы

Ғұсылдың үш парызы бар: ауызды шаю, мұрынды шаю

және денені түгел жуу.

Әбу һурайра (р.а.)َ

إنّ تَحْتَ كُلِّ شَعْرَةٍ جَنَابَةً فَخَلِّلُوا الشّعْرَ وَأَنْقُوا الْبَشَر

Яғни, «Әрбір түктің астында жүніптік бар. Сондықтан

шашты (сонымен қатар, әрбір түкті) салалап, теріні (денені)

тазалаңдар», − деген пайғамбар сөзін риуаят етеді. Сондықтан

құлақ іші, кіндік, қас және сақал-мұрт, шаштың түбі секілді

қиындық тудырмайтын орындардың барлығына су тиюі шарт.

Сонымен бірге денеге немесе теріге толығымен су тиюіне

кедергі болған бояу, крем, лак, тущь және де басқа заттарды

кетіріп барып ғұсыл алу қажет.

Ескерту:

Ғұсыл құйынуға қолайлы жағдай жоқ болса, мәселен, су

мүлдем болмаса, су суық болып, кісі жуынса ауырып қалу

қаупі немесе сырқаты асқынып кетуі ықтимал болса ғұсылды

кешіктіруіне рұқсат етіледі.

Жабир (р.а.) мына әңгімені баяндайды: Біз сапарға шыққан

болатынбыз. Арамыздағы бір кісінің басына тас тиіп, жарақат

алды. Сосын ол таңертең тұрса жүніп болып қалыпты. Ол:

Менің таямум алуымды жөн санайсыңдар ма? − деп сұрайды.

Жолдастары:- Жоқ, рұқсат жоқ деп ойлаймыз. Өйткені, сен

суды таба аласың, − дейді. Ол кісі ғұсыл құйынып (сырқаты

асқынып) қайтыс болады.

Біз сапардан қайта оралғанда Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.)

құзырына барып болған мән-жайдан хабардар еттік. Сонда

ол кісі:

27

Жоғарыдағы кітап, ғұсыл уәжіптері, 69-бет

27