2.
Етеккірден тазаланған кезеңде жыныстық қатынаста
болып, артынша талақ ету.
Талақ мәкрүһ етілген жағдай:
Дәйекті себепсіз ажырасу.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.):ُ
أبْغَضُ الحَلالِ إلى اللِّ الطّلاق
Яғни, «Аллаһтың құзырында адал болған (рұқсат етілген)
алайда қатты ашуын тудыратын амал талақ» дегендей
әйел тарапынан ешбір кінә болмаса да талақ ету Аллаһтың
нығметін қадірлемеу болып табылады.
Талақ уәжіп етілген жағдай: Ерлі-зайыптылар арасында
қарым-қатынас тым шиеленісіп, бірге өмір сүру мүлдем мүмкін
болмай, тек ажырасудан басқа шара қалмаған жағдайда;
Күйеуі әйеліне илә (төрт айдай төсекке жатпау) айтып,
мерзім өткен соң да жақындаспаса, әйел сотқа шағымданып
ажырасуды талап ете алады. Сот төрт ай уақыт береді.
Белгіленген уақыт өтсе де күйеуі жақындамаса, сот шешімімен
талақ етіледі. «Бақара» сүресі 125-126 аяттар.;
Әйелінің ойнас жасап, түбегейлі тәубе етпегені мәлім
болып тұрса, күйеуіне ажырасу міндет.
Талақ мұстахаб етілген жағдай: Әйел Аллаһ алдындағы
парызын және күйеуінің алдындағы міндетін орындамаған
жағдайда;
Күйеуіне, ата-енесіне және көрші-қолаңға тіл тигізіп
балағаттаса;
Әйелі себепті харам іске баруы мүмкін шынайы қауіп төнсе
кісіге ажырасу мұстахаб.
Талақ мубах етілген жағдай: Екеуі ерлі-зайыптылар ретінде
өмір сүре алмаса, бірін-бірі сүймейтіндігін алға тартса.
31